Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

         Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.
         Енді eGov.kz порталында пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар – ЖСН және ЭЦҚ болуы.
         Бұл жаңартулар ҚР Президентінің бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды. Жарлықтың негізгі мәні – цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі болып табылады.
         «Біз мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрын аталған қызмет ХҚКО мен жергілікті атқарушы органдар арқылы оффлайн түрінде көрсетілгенін атап өткім келеді. Енді ХҚКО бармай ақ, қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн алуға болады. Бұл қызметтің азаматтар үшін маңыздылығын түсіне отырып, біз қызметті алу процесін жеңілдеттік»,деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
           Қызметті қолдану үшін пайдаланушы «Электрондық үкімет» (eGov.kz) порталында қажетті қызмет түрін таңдайды: қандас мәртебесін беру немесе ұзарту. Таңдалған қызмет түріне сәйкес пайдаланушы мәртебесін алу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылатын болады.
         Барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса тіркеу қажет (файлдар pdf немесе jpg форматында). Сондай-ақ, өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою қажет.
        Қызмет көрсету нәтижесі – қандас куәлігі, жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі не электрондық құжат нысанында пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні ішінде.
         Бейне нұсқаулыққа сілтеме:
https://youtu.be/AZbiJYf2NaU
           Сондай-ақ, қызмет көрсету қорытындысы бойынша қандас куәлігі egov.kz порталының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде және Egov Mobile қосымшасында пайда болады.
          Қызмет сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ХҚКО-ның және жергілікті атқарушы органдарында көрсетіледі.
         Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz-тен онлайн алу ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
         Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Әсем ИСАБЕКОВА
+7 701 689 46 91, Assem.Issabekova@nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...