Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
STOP MUSOR ЖОБАСЫ ЕЛОРДА ЖАСТАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ҮЙРЕТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » STOP MUSOR ЖОБАСЫ ЕЛОРДА ЖАСТАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ҮЙРЕТЕДІ

STOP MUSOR ЖОБАСЫ ЕЛОРДА ЖАСТАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ҮЙРЕТЕДІ

19 мамыр 2022 жыл        . Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел көшесі 55/8,  C 4.6
Уақыты: 10:00                          Astana Hub, 1 қабат.
      2022 жылғы 19 мамырда StopMusor эко-кампаниясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жастар мен елорда белсенділері үшін ақпараттық-оқыту алаңын ұйымдастырады.
      Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату, сондай-ақ World clean up day дүниежүзілік акциясы аясында еріктілерді даярлау мақсатында өткізіледі. Қазақстан 2018 жылдан бастап ауқымды акцияға қатысушы. Сонымен қатар аталмыш акцияға қатысушылар мен мүдделі тұлғалардың саны жыл сайын артып келеді.
      Аталған іс-шарада Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасы А.С. Соловьева, ҚР Парламентінің және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері құттықтау сөз сөйлейді.
      Арнайы шақырылған қонақтар:
      Экобелсенді, «Let’ s do it Qazaq Eli»-нің өкілі Шасалим Шагалимов Қазақстанда және әлемде World clean up day дүниежүзілік акциясын өткізу тәжірибесі туралы айтып береді.
Biopack әлеуметтік кәсіпорнының негізін қалаушы Мирас Аббасов экобелсенді тұлға экологиялық бизнестің мүмкіндіктері, жоба қандай нәтижелерге қол жеткізгені және қалалардағы қоқыс мәселесін шешуге қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді.
      Бағдарламаға сәйкес қатысушылар үшін келесі шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады: «Қалдықтарды бөлек-бөлек дұрыс жинау туралы. Қалдықтарды жіктеу. Менің «Эко үйім». Экологиялық саяхат». Спикер Мәриям Қасымова, экотренер, экоконсультант.
      «Топ құрау. Жеке тиімділік». Спикер Эмин Әскеров, әлеуметтік кәсіпкер, бизнес-тренер.
      Сондай-ақ, барлық қатысушылар World clean up day дүниежүзілік акциясына дайындық мақсатында 21 мамырда өтетін экологиялық сенбілікке қатысады.
* Аккредитациядан өту және қажетті ақпараттарды алу үшін 18 мамырға дейін Қауымдастықтың баспасөз хатшысы Меруерт Абдалиеваға +77784560999 телефон нөміріне қоңырау соғыңыз немесе meruert_1968@mail.ru электронды поштасына, хабарлама жазуыңызды сұраймыз.
* Stop Musor жобасы тұрғындардың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
         Жоба аясында арнайы www.stopmusor.kz сайты әзірленіп, іске қосылған. Сондай-ақ, сіз жобаның әлеуметтік желілердегі https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz  парақшаларына жазыла аласыздар. StopMusor әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы іске асырып келеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...