Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

          Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының мүмкіндігін ортаға салып, алдағы уақыттағы біріккен жоспарларын да талқылады.
          Осы орайда Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «Туристік саланы ұлттық экономиканың маңызды сегменті және мемлекеттің бәсекелестік қабілетін арттырудың стратегиялық ынталандыруы ретінде қарастыратын мемлекеттер саны жыл өткен сайын артып келеді. Ел басшылығының белсенді әрі жан-жақты қолдауының арқасында Өзбекстанның туристік нарығы халықаралық туристерге құшағын кеңінен жаюда. Қысқа мерзімнің ішінде визасыз елдердің саны 9-дан 92-ге дейін өсті, ал шетелдік туристердің саны 2019 жылдың өзінде 1,9 млн-нан 6,7 млн-ға дейін артты. Өз кезегінде СOVID-19 пандемиясы туристік секторға теріс ықпалын тигізгенмен, бізге туризмді қауіпсіз және тұрақты туризм тұрғысынан дамыту үшін қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп, туристік өнім мен қызмет ұсынудың барлық буынына мұқият талдау жасадық. Туристік көрсетілім нысандарындағы қауіпсіздіктің жаңа, тиімді хаттамаларын дайындадық. Қабылданған шараларға жоғары баға беріліп, халықаралық рейтингтерден орын алды. Мысалы, «Gallop» Өзбекстанның қауіпсіз туризм бойынша үздік тоғыз (ТОП-9) елдің қатарына енуге мүмкіндік берді. «New York Times», «Guardian», «Independent», т.с.с. әлемнің жетекші басылымдары біздің туристік дестинацияларымызды тартымды да қызықты бағыттар ретінде мойындады» дейді.

Сондай-ақ, ШЫҰ елдерімен туристік қарым-қатынастарды әрі қарай да дамытуға басымдық берілетіні атап өтіліп, «ғаламшардағы халықтың 44%-ын қамтитын ШЫҰ кеңістігі – әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған орасан зор туристік нарық. 2019 жылы ШЫҰ елдерінен 250 млн турист шетелде демалды (Үндістан 27 млн, Қытай 155 млн, Өзбекстан 1,7 млн, Қазақстан 206 мың, Тәжікстан 31 мың, Ресей 20 млн). Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет» дейді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...