Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ОМАРОВА ЖАМАЛ МҰҚАШҚЫЗЫНА АРНАЛҒАН «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» АТТЫ КӨРМЕ ӨТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ОМАРОВА ЖАМАЛ МҰҚАШҚЫЗЫНА АРНАЛҒАН «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» АТТЫ КӨРМЕ ӨТЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ОМАРОВА ЖАМАЛ МҰҚАШҚЫЗЫНА АРНАЛҒАН «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» АТТЫ КӨРМЕ ӨТЕДІ

Өтетін орны: ҚР ҚК Мемлекеттік Әскери-тарихи музейі, Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 2
Өтетін күні мен уақыты: 21 мамыр, 2022 ж., сағат 11:00
Байланыс телефоны: +7(7172) 44-26-19; +7(775)390-01-86;
        2022 жылғы 21 мамырда ҚР ҚК Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінде ҚР Мемлекеттік орталық музейімен бірлесе Қазақстанның халық артисі, қазақ ұлттық операсы мен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан Омарова Жамал Мұқашқызының 110 жылдығына арналған «Өнегелі өмір» атты көрмесінің ашылуы жоспарлануда. Көрмеде Жамал Мұқашқызының концерттік көйлегі, жеке заттары, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фотосуреттер мен архивтік құжаттар көрсетіледі.
       Омарова Жамал Мұқашқызы – Қазақстанның халық әртісі, қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан тұлға, бүкіл елдің зор сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген шын мәнінде нағыз халықтың әншісі. Өзі туған өңірдің халықтық ән дәстүрінің бай қазынасын бойына сіңірген Жамал Мұқашқызы майданда жаумен соғысқан сарбаздардың рухын әнімен, қайталанбас ғажап дауысымен көтеруге ат салысқан болатын. 1943 жылы Жамал Омароваға Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі атағы беріледі, Қазақ КСР халық әртісі деген атақты да осы жылы алады.
         Көрме аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің артистерінің орындауында әндер орындалады.
ҚР ҚК
МЕМЛЕКЕТТІК ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МУЗЕЙІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...