Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

           Жуырда кітапханамыздың оқу залында Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерейтойына орай, «Береке» жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты ерлік сағаты өткізілді.
         Бұл іс-шарадан көзделген басты мақсат – жас буынды адамгершілікке, Отанды сүюге, кез-келген сәтте сыртқы және ішкі жаулардан  қорғауға баулу, оған деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысы туралы жан-жақты ақпарат беру және ондағы қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрістерін дамыту. Сондай-ақ, балаларды жасы үлкен адамдарды сыйлай білуге және де оларды қадірлеуге тәрбиелеу де болды.
         Іс-шараның басында оқу залына жиналғандарға мен өзімнің «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс» атты баяндамамды оқып бердім. Содан кейін бүгінгі шараға қатысты оқушылар тарапынан «Мәңгілік өшпес отты жылдар» атты шағын сахаландырылған қойылым көрсетілді. Ал шараға қатысып отырған оқушылардың белсенділері Ұлы Отан соғысына қатысты өлеңдер оқып  оқу залын әсерлі әнге бөледі.
      Ерлік сағатын қорытындылаған «Береке» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айнагүл Ақбердиева осы  ерлік сабағында алға қойылған барлық мақсаттардың толығымен жүзеге асқанын және де оқушыларға Ұлы Отан соғысының нәубетін ешқашан ұмытпауға шақырды.  Ал сөзінің соңында осындай ерлік сағатын өткізген ұйымдастырушыларға өз алғысын айтты.
Б.РЫСПАНОВА,
Қ.Пернебаев ауылдық филиал №8 кітапханасының кітапханашысы.
Бірлік ауылдық округі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...