АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Экономика
24/05/2022
10 Views
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-cәуірінде кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 4986106 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 81,2 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5228,5 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,2 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 504,6 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 4723,9 млн. теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1104,3 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,4 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1231,0 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,8 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,2 мың адамды құрады.
2022 жылғы бірінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 206533 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы бірінші тоқсанына қарағанда
127,4 % құрады.
Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 сәуірге Мақтаарал ауданындағы халық саны 135078 мың адам, халықтың табиғи өсімі 670 адам, туу- 834 адам, қайтыс болғандар 164 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 162 отбасы, ажырасқандар-12. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер- 1259 адам, кеткендер- 1763 адам.
Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-сәуірге Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 102,4 % болып және 38151 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал аудандықСтатистика басқармасының басшысы.
2022-05-24