Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ХАЛЫҚ АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ХАЛЫҚ АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

           Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округі, Әль-Фараби елді мекенінде орналасқан №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысты Ата заңға енгізілетін түзетулерді насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті.
     Жиынға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Махамбет, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов және ауыл тұрғындары қатысты.
         Кездесуде  – қазіргі Ата Заңымызда 98 бап бар, референдумда соның 33 бабына түзетулер енгізіледі. Бұл Конституцияның 3/1 бөлігі өзгеретіндігі айтылды. Конституциялық реформа негізінен барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Бұл жөнінде Президентіміз қазақстандықтарға арнаған Жолдауында: «Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар Президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді», – деген болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтады. Парламенттің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың ықпалын арттырады. Сонымен қатар, халықтың ел басқару ісіне араласуы кеңейтіліп, азаматтардың құқын қорғау тетіктері күшейтілетін болады.
     Нәтижесінде билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансы қалыптастырылып, мемлекет пен қоғамның арасында тиімді диалог орнатылатындығы жайлы сөз болды.
«Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...