Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАРБЫЗДАР АЛМАТЫҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАРБЫЗДАР АЛМАТЫҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ

ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАРБЫЗДАР АЛМАТЫҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ

              Биылғы жылы жетісайлық шаруалар 78 мың гектар суармалы жердің 49,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 17 мың гектар жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың гектар жерге көкөністер мен тағы басқа дақылдарды еккен. Солардың арасында өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келетін Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы да бар. Биылғы жылы қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен болатын. Содан алынған алғашқы өнімінің 20 тоннасын шаруа қожалығы Алматыға жіберді.
       «Кейін Ақтөбеге де жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да жақсы, келісін 230-250 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай» дейді осы шаруа қожалықтың төрағасы Владимир Шин.
         Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан шамамен 300 тонна өнім алынады деп жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ, ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суғару әдісі бақша өнімінің артуына да септігін тигізіп отыр.
         «Аудандағы 17 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 3,5 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 500 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр.
        Былтырғы жылы 21 мың гектарға егілген бақша дақылдарынан 625 мың тоннадан астам өнім алынып, облыста «Үздік бақша өндіруші аудан» атандық» дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбеков.
         Осы кезге дейін жетісайлық шаруалар ерте егілген қырыққабат дақылынан 30 мың тоннадан астам өнім жинап, Ресей мен таяу шет мемлекеттер мен республикамыздың  басқа өңірлеріне жоғары бағамен жіберген болатын.
        Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бір жерден алынатын өнімнің көлемін арттыру мақсатында, биыл Жетісай ауданында ерте жиналған өнімнің орнына екінші дақылдарды егу жұмыстары 1,1 мың гектардан астам алқапқа жүргізіледі деп жоспарлануда.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...