Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ БІЗДІҢ ТАҢДАУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ БІЗДІҢ ТАҢДАУ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ БІЗДІҢ ТАҢДАУ

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы қолдауға тұрарлық. Өйткені, бүгінгі қоғам әділеттілікті талап етеді.
         Иә, елдің негізгі мақсаты да ашық, жемқорлықсыз әділетті қоғам орнату. Әрбір адамның пікірі ескерілгенде ғана бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады. Қазіргі жастар да, жұмыс жасындағы азаматтар да әділдіктің ертерек салтанат құрғанын қалайды. Ол үшін қандай да бір бастаманы, сол бастаманы ертерек жүзеге асырғысы келетін көшбасшыны қолдауға дайын. Оны адамдардың ой-пікірінен де, ұсыныс-тілектерінен де аңғаруға болады.
        ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда түбегейлі өзгеріс жасайтынын, жаңа Қазақстанды қалыптастыратын саяси реформалар керек екенін бұған дейін де айтқан болатын. Міне, бүгін сол айтылған жоспарлар мен тың идеялар жүзеге аса бастады. Оған айқын дәлел ретінде әрбір әрекетке, әрбір қадамға көп болып ақылдасып, ел болып мақұлдасып баратынын білдіргеннен-ақ аңғарылып тұр.
        Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу – мемлекетті демократияландыру саясатында маңызды қадам екенін атап өтті. Осыған дейін елімізде төрт рет референдум өткен екен. Және оның соңғысы қазіргі Конституцияны бекіту туралы болған.
     «Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады» деп атап өтті Мемлекет басшысы
         Сонымен қатар, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалмақ. Президент еліміздегі өлім жазасы туралы да мәселенің нүктесін қойды. Енді біздің елімізде өзге өркениетті елдер секілді өлім жазасы болмайды. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқанын атап өткен мемлекет басшысы, алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететіне ерекше тоқталды.
        Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімін Қазақстан халқы ерекше ілтипатпен қабылдады деп есептеймін. Ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Ендеше, ел болып біз де бұл бастамалардан шет қалмайық. Әділетті қоғам орнатуға үлкен-кіші демей бәріміз де біркісідей атсалысайық!
ЖАҚАШЕВ ҚАНАТ ҮСЕНҰЛЫ,
Ақпараттық талдау орталығы директорының орынбасары,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...