Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
EGOV MOBILE МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » EGOV MOBILE МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

EGOV MOBILE МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

        EGov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушылар цифрлық құжаттарға қолжетімділікті сыртқы платформаларда, яғни банктердің қосымшаларында пайдалануға рұқсатты қайтарып алуға болады.
        EGov mobile қосымшасының жаңартуларында бір шертудің көмегімен цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы пайда болды. Жаңа баптаулар азаматтарға цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға және оларды басқа қосымшаларда, мысалы, банктердің қосымшаларында (бұрын келісім берген) пайдаланбауға және оларды тек eGov mobile қосымшасында пайдалануға мүмкіндік береді.
         Айта кетейік, бұл жаңартулар бюрократияны алып тастау және мемлекеттік қызметтерді 100 % смартфонға шығару бойынша ҚР Президентінің Жолдауы аясында жүзеге асты.
         «Цифрлық құжаттар сервисін қазақстандықтар арасында танымал банк қосымшаларына шығарғаннан кейін, бізге eGov mobile-дан басқа қосымшаларда құжаттарды кайтарып алу және пайдаланудан бас тарту туралы сұрау салулар түсе бастады. Егер пайдаланушы бұрын өзінің цифрлық құжаттарына басқа қосымшаларда рұқсат берсе және кейін ойын өзгертсе, енді ол eGov mobile-дағы «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі «баптаулар» бөлімі арқылы қолжетімділікті қайтарып ала алады. Мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алу ыңғайлы болу үшін біз әрқашан пайланушыларымыздың сауалдары мен пікірлерін ескеруге тырысамыз»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
         Жаңартуларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:
  • «Цифрлық құжаттарды» ашу;
  • «Цифрлық құжаттарды баптау» тармағын таңдаңыз;
  • «Сандық құжаттарға қол жеткізу» бөлімінде берілген тізімнен «қол жеткізуді кері қайтару» түймесін басыңыз;
  • Әрекетті растау;
  • Сәтті кері қайтарып алу кезінде мәртебе «кері қайтарып алынды» күйіне жаңартылады.
         Айта кету керек, тізім тек пайдаланушы бұрын соңды банктердің қосымшаларында (Halyk Homebank және Kaspi.kz т. б.) өз деректерін пайдалануға келісім берген болса ғана шығады.
          Бұдан басқа, қайта пайдалану үшін цифрлық құжаттарға қолжетімділігі бар банктердің мобильді қосымшаларына кіріп, келісімді растау қажет.
         Бүгінгі таңда «цифрлық құжаттар» сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда бар. Қазірдің өзінде 10 миллионға жуық адам цифрлық құжаттарды тұрақты негізде пайдаланады. EGov mobile мобильдік қосымшасында 18 құжат бар (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т. б.).
         Айта кеткен жөн, бүгінде цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында ішкі ұшулар кезінде, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ және ХҚКО бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
         Анықтама үшін:
       Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.
          «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
          Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
        Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
 Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз: Динара МАЖИТОВА.
+7 775 270 03 48, dinara.mazhitova@nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...