БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Мерекелік шара
03/06/2022
36 Views
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Мақтаарал ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ерекше оқытуды қажет ететін балаларға «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» және «Балалар жылына» арналған мерекелік іс-шара өткізді.
«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын – сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу болған бұл мерекелік іс-шараға «Мадагаскар балалар әлемі» орталығының иесі Аманов Кайыпназар Бакытжанович пен оның ұжымы, жеке кәсіпкер Ишметова Урбігул Уралбаевна демеушілік жасап, балаларға қуаныш сыйлады.
Мекеме мамандары мен тәрбиеленушілері іс-шараға белсене қатысты. Балалар концерттік бағдарламаға қатысып, өнерлерін көрсетсе, олардың тәрбиешілері шебер ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түсті.
Мерекелік шараға қатысқан ата-аналар би билеп, өлең, тақпақ айтып, өнер көрсеткен балаларына ризашылықтарын білдірді және «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Абсалямова Ұғылай Ағабекқызы және ұжымы демеушілерге алғыс айта отырып, шаңырақтарына шаттық, отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Акмарал АБДИЕВА,
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының,
«Мақтаарал ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің әдіскері.
2022-06-03