Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОО-ДА ІТ-ТЕХНОПАРКТЕР АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОО-ДА ІТ-ТЕХНОПАРКТЕР АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОО-ДА ІТ-ТЕХНОПАРКТЕР АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

          ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастаған жұмыс тобы инновациялық экожүйе мен IT-саланы дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен гранттар беру бойынша мемлекеттік қызметтер мәселесін талқылады.
            Қазіргі уақытта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  елімізде 100 мың IT-маман даярлау жөніндегі тапсырмасы аясында белсенді жұмыс атқаруда. Бұл ретте бүгінгі ведомствоаралық кеңесте IT-мамандарды даярлау үшін арнайы мектептерге гранттар бөлу мәселесі жіті қаралды.
         «Бүгінгі таңда «Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі» корпоративтік қоры базасында IT-мектептерге ваучерлер (гранттар) бөлу тетігі әзірленді. 2021 жылы Astana Hub өз қаражаты есебінен 13  IT-бағдарламалау мектебінің 100 студентін қаржыландырды. Бағдарламаны кеңейту аясында 2022 жылы 3000 грант бөлу жоспарланған», – деді Бағдат Мусин.
       Ведомство басшысының айтуынша, IT-кадрларды оқыту 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға және ақпараттық коммуникациялық технологиялар қызметтерінің экспортын 2025 жылға қарай 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуға септігін тигізеді.
        Алайда бұл үшін IT-мамандардың білім сапасын арттыру қажет. Бүгінде республика бойынша 77 жоғары оқу орны IT-мамандарды дайындауда. Жыл сайын 10 000-нан астам IT-маман нарыққа шығарылады, бұл ретте кадрлар заманауи талаптарға сәйкес келе бермейді.
         Тараптар құжаттарды электронды қабылдауға байланысты ақпараттық жүйелердің дайындығын талқылады.
        2022 жылы 160 мың түлек колледждерде және 140 мың түлек жоғары оқу орындарында білім алады деген болжам бар.
          «Құжаттарды қабылдау және білім беру гранттарын бөлу кезеңінде электронды жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек. Біз негізгі проблемаларды анықтадық. Барлық цифрлық шешімді тексеріп, ретке келтіру маңызды. Бұл шекті балдарды есепке алу, өтініштерді қабылдау процесі және бір талапкердің өтінішті қайталап жіберуін болдырмау және басқа да мәселелер. Барлық түлекке барынша қолайлы жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл әр адам тұрғылықты жеріне қарамастан электронды қызметтерді кедергісіз пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов.
         Министр Бағдат Мусин «Атамекен» ҰКП базасында IT-факультеттердің рейтингін енгізуді ұсынды. ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сарапшылармен бірге рейтинг тұжырымдамасының жобасын дайындаған.
        Цифрландыру білім беру саласына белсенді түрде енгізілуде. Осылайша министрлік «виртуалды мұғалім» заманауи IT-платформаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, аталған жүйеге бүгінгі күні Қазақстан бойынша 150-ден астам жалпы білім беретін мектеп қосылған. Дегенмен информатика мұғалімдерінің біліктілігінің қатысты проблемалар кездеседі, осыған байланысты біліктілікті арттыруға бағытталған бағдарламаны немесе курстарды әзірлеу бойынша ұсыныс айтылды.
         Сондай-ақ министрлер қазақстандық жоғары оқу орындарының жанынан технопарктер құру мәселесін талқылады. Мәселен, 1 маусымда Мемлекет Басшысы Үкімет пен тиісті министрліктерге ғылыми зертханалар мен тәжірибелік-сынақ инфрақұрылымын дамытуға мақсатты гранттар бөле отырып, ЖОО жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.
         Цифрлық даму министрлігі 2022 жылы өңірлік IT-технопарктерге қолдау көрсету жөніндегі бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр, ол өңірлерде жастарды «No Code School», «Startup School» және т.б. сияқты Astana Hub бағдарламалары, жергілікті тақырыптық іс-шараларды өткізу, әдіснамалық қолдау, сондай-ақ «Techpreneurs», «preScalerator», «Scalerator»,  инкубациялық және акселерациялық бағдарламалары арқылы IT-кәсіпкерлікте өзекті және сұранысқа ие құзыреттерге оқытуды қамтитын болады.
        Жиын соңында тараптар көтерілген өзекті мәселелерге қолдау көрсетуге және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті. 
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі  министрлігінің баспасөз қызметі
press@mdai.gov.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...