ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік
08/06/2022
39 Views
Қызылқұм ауылдық округіндегі ескірген электр бағаналарын жаңарту, округтің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.
Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалымен өткен жиында Қызылқұм ауылдық округінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
Ауылдық округтегі Еңбекші және Қосқұдық елді мекендеріне ФАП ғимаратын салу үшін жер учаскесі бөлініп берілген, сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленіп Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына тапсырылған.
Қызылқұм ауылдық округіндегі 17 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ құжаттамаларын әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңға, 9 елді мекенде (Қызылқұм, Ақтөбе, Мақталы, Киров, Көбек, Қосқұдық, Қызылту, Бірінші мамыр (Первомайское), Алғабас) ЖСҚ құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге салалық басқармаға ұсынылған. Жалпы сметалық құны 1 573 180 мың теңгені құрайды. Қалған 8 елді мекенде ЖСҚ-сы әзірленіп, 2 жоба мемлекеттік сараптаманың қарауына өткізілген. Жобалаушы мекеме «Жамбылагрогазпроект» ЖШС.
Қызылқұм елді мекені бойынша жалпы ұзындығы 11,25 шақырымды құрайтын 13 көшеге (Маметов, Молдағұлова, Д.Мамбеталиев, Жамбыл, Рысқұлбеков, Б.Майлин, Момышұлы, Күлтегін, Мамрасилов, Тұйық, Нұрбаев, Қызылқұм, Үрпек) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға ұсынылған.
Айта кетейік, аудан әкімі Мұрат Болатұлының Қызылқұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 9 маусым күні сағат 10:00-де №56 С.Ерубаев ЖОМ ғимаратында өтеді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2022-06-08