Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАЛЫП, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АЙТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАЛЫП, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АЙТЫЛДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАЛЫП, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АЙТЫЛДЫ

           Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатындағы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Кадырбектің бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі Қызылқұм ауылдық округінің тұрғындарымен өтті.
         Еркін форматта өткен кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Кахарбай Исаев пен Эльмира Темирбаева, аудан прокурорының орынбасары Максат Ералиев, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен дербес бөлім басшылары, округ тұрғындары қатысты.
         2021 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жайында кеңінен баяндама жасаған аудан басшысы алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға да тоқталды.
           Аудан прокурорының орынбасары М.А. Ералиевпен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер, Қылмыстық, Қылмыстық процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне және «Нотариат туралы» заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы.
        Сонымен қатар халыққа, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылатыны, бұл үшін заңнамаларда көзделген жауапкершіліктер, заң үстемдігі, атап айтқанда:
– шаруа фермер қожалығы үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдалану құқығын азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде иеліктен шығару тәртібі;
– жылжымайтын мүліктермен жасалатын мәмілелер Еліміздің кез келген аумағында орналасқан нотариустарға жүгіну арқылы азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатыны;
– егістік алқаптарға мал жаю, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабымен 20 АЕК, егер бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгені, келтірген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен сот арқылы өндіріп алу тәртібі;
– заңсыз қаржы пирамидасы ол үшін қарастырылған жауапкершіліктер (ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы, ҚР ҚК-нің 217, 190-баптар);
– «атаулы әлеуметтік көмек (АСП) қайтарымсыз (580 000 теңге) алып беремін»,- деп алдау;
– адамдардың жеке мәліметтерін алдау не ұрлау арқылы атынан жасырын несие рәсімдеу секілді алаяқтық тәсілдері өршіп тұрғаны;
– сондай-ақ, әскери қызмет, отан алдындағы борышты өтеу, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оның тәртібі, бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында, ҚР ҚК-нің 387, 400-баптарында әкімшілік, қылмыстық) жауапкершіліктер туралы;
– ҚР ҚК-не мал ұрлығына арнайы 188-1 бап енгізілгені, үйге, қораға, көлікке кіріп ұрлық жасағаны үшін жазаның ауырлап, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылғаны;
– жыныстық тиіспеушілік, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасау және олар үшін қарастырылған жауапкершілік;
– адам саудасы, малды сырғалау, босатып жібермеу, жол көлік оқиғасы, бұл үшін (материалдық және әкімшілік) жауапкершіліктер қарастырылғаны туралы;
– халықтың жайылымдық жерге қажеттілігін қамтамасыз ету және төрт түлік малдың жайылуына жағдай жасау;
– жол көлік оқиғасын мас күйінде жасау, ол үшін жаза ауырлап 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру, қайталап жасалса қылмыстық жауапкершілік көзделгені және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар мен мағлұматтар айтылып, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің артуына ықпал етілді.
Жетісай аудандық прокуратурасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...