Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
13 маусым - Қазақ халқы күні - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » 13 маусым – Қазақ халқы күні

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

13 маусым – Қазақ халқы күні

Қазақ халқының ұлттық гармонияға жету жолындағы қажетті іс-шаралар туралы

2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсаукесері өтті. Қазақ күнтізбесінде 13 маусым – Қазақ халқы күні болып белгіленді. Бұл барша Қазақ елі үшін мәні терең, Алаш зиялыларының мұрасымен тікелей байланысып жатқан тарихи күн.
Қазақ дегенде ойыңызға ұлан – ғайыр даланы ат тұяғымен дүбірлетіп, ат үстінде шауып бара жатқан көшпендіні, бес қаруын асынып, «Аруақ!» – деп жауына атой салған батырды, не болмаса тағдыр жазуымен қазақ жеріне жер аударылған халықтарға құшағын ашып, барымен бөліскен ақ кимешекті ананы елестететініңіз анық. Қазақтың дархандығы мен қонақжайлығы, батырлығы мен өрлігі, парасаты мен пайымы, бітімі мен болмысы, бейбітсүйгіштігі мен адами қасиеттері жалпы адамзаттың құнды мұрасы екені даусыз. Жаһандану дәуірі халқымыздың осы озық қасиеттерінің сақталып, кейінгі ұрпақтың мұрасына айналуына кедергі келтіретіні даусыз, оған себеп сырттан ұсынылған түрлі жасанды мәдениеттің өнімдері халқымыздың қалыптасқан үлкенге құрмет, бала тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы және т.б мәдени ұстанымдарын өзгертуге бағытталғанын байқаймыз. Осы теріс әсерлерді алдын алуда қазақ қоғамының дәстүрлі құндылықтарын насихаттауға баса назар аудару қажет. Бұл мақсатта 2019 жылы «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен ұлттық құндылықтардлы сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрген болатын. Қазақ күнтізбесіндегі 13 маусым – Қазақ халқының күні болып белгіленген. Бұл күні 1911 жылы қазақтың қоғам қайраткері Барлыбек Сырттанұлы алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның өтінішімен Қазақ елінің алғашқы Конституциясын («Қазақ елі уставы») жазып шықты. Бұл құжат қазақ даласында осыған дейін белгілі болған «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағымен үндесіп жатыр.
Осы ретте қазақтың бірлігін паш ететін бұл күні, халқымыздың бітім – болмысы және ұлт алдында тұрған мәселелер жайын қозғауды жөн көрдік. Қазақ атауының мағынасын кей деректерде «хас», «сақ», яғни «нағыз сақ», болмаса еркін адам деп таратуымыз шыңдыққа жанасымды. Ал түбіміздің сонау сақтар мен ғұндардан бастау алатыны дәлелдеуді қажет етпейтін жайт. 3000 жылдан астам тарихы бар көшпенді жұрттың қалыптастырған мәдениеті сақтауға тұрарлық. Қазақ дегенде көшпелі жұрттың жауынгерлік әлеуеті, ат үстінде жасаған жорықтары жайлы көп айтамыз. Кезінде жер дүниені тітіренткен көшпелі жұрттың ұлт ретіндегі басты жетістігі сірә бұл емес. Дүниенің сол кездегі техникалық қуатын сипаттайтын темір ерітіп, қару жасап, даланың асау жылқысын үйретіп мінген көшпелілер ұлан-ғайыр даланы дүбірге бөлеп, көз жетер жерді жаулағаны Жаратушының берген сыйы деп қабылдауымыз керек. Бұл ретте «көшпенді жұрт адамзат тарихында нендей ұлы ісімен есте қалды?» – дейтін орынды сауалдың туындайтыны анық.

Қазақтың ұлылығы жайлы әңгіме қозғар болсақ, ойымызға ХХ ғасырдың аласапыран кезеңі сталиндік зұлмат еске түседі. Сол жылдары қазақ жеріне тұтастай халықтар жер аударылып жатты. Жалпы алғанда олардың саны 5 млн адамға жуық еді. Көшпенді жұрт сол кезеңде өзінің кең-байтақ даладай риясыз көңілі мен дарқандығын қазақ даласына күштеп әкелінгендерге көрсетіп, оларға жәрдем етті. Бұл адамгершілік пен бекзаттықтың асыл үлгісі еді. Қазақ даласына жер аударылған шешен-ингуш, кәріс, неміс және тағы басқа этностар мұнда өздерінің екінші Отандарын тауып, өсіп – өнді. Біздің басты жетістігіміз осы.
Ұлттық гармонияға жету жолында іске асырылатын шаралар туралы
Қазақ халқының басынан өткен зұлматтар оның ұлт болып сақталуына үлкен қауіп төндірді, бүгінде елімізде мемлекеттік тіл мәселесі, оны білу, қазақтың солтүстік облыстардағы саны сынды мәселелер соған дәлел. Бұл күнде солтүстік екі облыс пен өзге этностар тығыз орналасқан аудандардың атауын өзгерту мәселелері де күн тәртібіне қойылып жатқаны белгілі. Олардың шешілуі бірнеше жылдарға созылатын жүйелі жұмысты қажет ететіні сөзсіз. Бұл орайда осы мәселелерді шешуде бірінші кезекте ішкі тұрақтылығымызды назарға алуымыз қажет екенін атап өткен орынды. Ішкі тұрақтылықтың сақталуы – біздің дамуымыздың басты кілті. Ал оның негізі қазақ жерінде өмір сүріп жатқан этностардың өзара тату-тәтті ғұмыр кешуінде жатыр. Барлық шешімдер дәл осы тұрғыдан қабылдануы керек.
Бұл ретте «қазақтың өзінің ұлттық гармонияға жету мәселесі қашан шешіледі?», не болмаса «бұл мәселенің шешімі қандай факторларға байланысты?» – деген сауалдың туындайтыны анық.
Бұл ретте жоғарыда айтылған мәселелердің бірден – бір шешімі демографияны көтеруде жатқандығын баса атап өткен орынды. Әуелде солтүстік екі облыстардағы жергілікті ұлттың үлесін 80-90 пайызға жеткізу қажет, бұл өз алдына мемлекеттік тіл мәселесі мен жер-су атауларын өзгертуге жол ашады. Бұл бізге ұлт мүддесі жолында тиісті мәселелерді жылдам, әрі тиімді шешуге мүмкіндік туғызады.
Келесі кезекте мемлекеттік тілдің қоғамда өз орнын тауып, тұғырына қонуы үшін мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді жетік меңгерген қызметкерлерді қабылдау, мемлекеттік қызметке тұру барысында тапсырылатын тест сұрақтарында қазақ тілі бойынша баллдардың есептелуін енгізу қажет. Аталған екі мәселені қазірдің өзінде шешудің мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгерудің статусын көтерудің бірден – бір жолы ол қазақ тілін меңгеріп жүрген азаматтардың жалақыларына үстеме ақы төлеу. Бұл ретте қазір еліміздің әр облысында бар тілді оқыту орталықтарын жауып, оларға жұмсалатын қаражатты осы іске жұмсаған тиімді болатын сияқты. Мұндай тіл орталығын астанада қалдырса жетіп жатыр.
Келесі қолға алатын бір шара ол қазақ халқының демографиясын көтеретін тұрғын үй бағдарламасын қолға алу. Бұл ретте тұрғын үй қорын жекеменшікке емес, жалдамалы пәтерлер түрінде айына 10-15 мың теңгеден белгілеп, шаңырақ көтеремін деген жастарға берілуін қамтамасыз ету қажет. Ал үйді жалдау ақысын револьверлік әдіспен қайтадан сол тұрғын үй салу жұмыстарына бағыттаса, бұл аталған бағдарламаның өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаны солтүстік екі облыстан бастаса, жоғарыда айтылған екі облысты қазақтандыру мәселесі шешіле бастайды.
Қолға алынар келесі бір жұмыс ол ұлттық идеологияны қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыс ұлтымыздың алдағы уақытта дамуын қамтамасыз ететін маңызы ерек негіз болып табылады. Бұл күнде қазақ қоғамында «Шыңғысхан қазақ па?», не болмаса «кезінде талайға тіземізді батырдық қой» – деген және т.б пайымдаулардың, қазақтың өз арасында тәңіршіл, арабқұл т.б болып бөлінуі қазақ арасында қалыптасқан ұлтқа тән ұстаным мен позицияны сараптап, нығайта түсу керектігіне меңзейді. Бұл ретте ұлттық құндылықтарымызды сараптап отырып, ұлттық идеологиялық ұстанымдарды қалыптастыру керек-ақ. Өйткені бұл барша қазақтың өміршеңдігін қамтамасыз ететін, ролі зор фактор. Бұл ұлттық гармонияға жету жолындағы шаралардың аз ғана бөлігі. Бұл бағытта ұлттық стратегиялық институттардың құрылып, жұмыс жүргізуі қажет екені даусыз.
Осы бағытта «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясымен атқарылған жобаларға тоқталып өтуді жөн көрдік. 2012 жылдан бастау алған жоба шеңберінде келесідей жұмыстар іске асырылды. 1.«Ұлттық құндылықтар негізінде жастар бойында патриотизмді қалыптастыру», 2. «Менің елім!», 3. «Тілім менің!», 4 «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» (біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтан бастап 2011 жылға дейінгі тарихы), «Тәуелсіз Қазақ елінің 526 жылдық тарихы» атты аудиокітап, 5. «Ұрпақ тәрбиесі», 6. «Ұлт ұлылары», 7. «Қазақтың салт-дәстүрлері», 8. «Қазақтың қолөнері» , 9. «Қазақтың ұлттық тағамдары», 10-11. «Құсбегілік,атбегілік, төрт түлік», 12. «Қазақтың ұлттық ойындары», 13. «Халық әндері», 14. «Халық күйлері» аудио және баспа кітаптары жарық көрді. 2019 жылы «ұлттық құндылықтарды сақтаумен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі», Қарағанды политехникалық колледжімен бірлесіп, 2019 жылдан бастап «Ұлт қайраткерлерінің мұрасы» атты жылсайынғы қалалық танымдық конференциясы» мен ұлттық жобалаларды қаржыландыратын «Ұлт меценаттары» клубы жұмысын бастады, 2020 жылы кеудеге тағатын ұлт тарихын ұлықтайтын «Тәуелсіздік лентасы», 2021 жылы кеудеге тағатын қазақтың әскери мұрасын ұлықтайтын «Жауынгерлік Даңқ» лентасы әзірленді. 2020 жылы «Қазақтың дәстүрлі мұрасын насихаттайтын және халықты әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған «Qazaq club» құрылды, «Қазақ антының» және «Жас қазақ антының» мәтіні жарияланды, «Ердің 90 міндеті» мен «Қыз бала, бойжеткеннің міндеті», «Баланың 30 міндетінің» мәтіндері жарияланды. Қазақтың ұлттық таным-түсінігіне негізделген «Қазақ жолы» ар-ождан, әдет-ғұрып жинағы» жобасы қолға алынды. Бұл жұмыстар халқымыздың ұлттық әлеуетіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар болып табылады. Түптеп келгенде осы сынды жұмыстарға атсалысу аса маңызды. Бұл күнде кітаптар сериясының «Білім айнасы» ақпараттық сайты мен газеті, «Сайыпқыран» ақпараттық сайты, «Қарағанды облысының Азаматтық кеңесі қоғамдық бірлестігі», «Қазақ газеттері» ақпараттық сайты және «Қарқаралы» газеті сынды серіктестері бар.
Қадірлі бауырлар, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын насихаттауға бағытталған, Алаш зиялыларының ұлт алдындағы еңбектерін паш ететін 13 маусым – Қазақ халқы күні құтты болсын! Еліміз дамып – өркендей берсін!

Нұржан СҰРШАҰЛЫ,
қазақтың дәстүрлі мұрасын
насихаттайтын және халықты
әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған «Qazaq club» төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...