Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖАЗЫЛҒАН! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖАЗЫЛҒАН!

БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖАЗЫЛҒАН!

      Қадірлі бауырлар!
       2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 13 маусым – Қазақ халқы күні болып белгіленген.
      Бұл күн бізді Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы үшін ат үстінен түспей еңбек еткен кезеңге жетелейді. Осы күні 1911 жылы қазақтың қоғам қайраткері Барлыбек Сырттанұлы алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның өтінішімен Қазақ елінің алғашқы Конституциясын жазып шыққан еді. Бұл құжат қазақ даласында осыған дейін белгілі болған «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының заңды жалғасы іспеттес.
        Тарихи жадымызды жаңғырту мен ұлттық тарихымызды білуге үндейтін бұл атаулы күн барша халқымыз үшін терең мәнге ие. Бүкіл қазақ жұртының арманы мен аманатын арқалаған осынау тарихи күнді жас ұрпақ біліп өссе, ертеңгі болашағымыздың жарқын болғаны.  Көшпенді қазақ жұрты дегенде көбіміз ат үстінде ұлан-ғайыр даланы дүбірге бөлеген жауынгер жұртты көз алдымызға елестететініміз анық. Осы орайда «қазақтың ұлылығы неде?» – деген заңды сұрақтың туындайтыны заңды.
         Қазақ халқының ұлылығы,  шынайы  болмыс – бітімі мен бекзаттығы ол тағдыр жазуымен қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған 5 миллионға жуық ұлт пен ұлыстың өкіліне қиналғанда жәрдем беріп, кең құшағын жайып, аман алып қалғанында дер едім. Пейілі кең, дарқан қазақ мен үшін осынысымен қымбат!
       Барлықтарыңызды 13 маусым – Қазақ халқы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
       Жұлдыздарыңыз шындық пен парасат биігінде жарқырай берсін!
Құрметпен,
Мұхтар ШАХАНОВ,
Қазақстанның халық жазушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...