АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Әлеумет, Қылмыс пен жаза
14/06/2022
58 Views
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында жүргізілетін «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында мекеме ғимаратында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш шараға орталық психологтары, аудандық әжелер алқасының мүшелері, «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі Камтра Сламбекқызы, Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекова, аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ғалия Бектұрғанова мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының маманы Бекзат Жолдасбекұлы қатысты.
Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар, көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен алдын алу жұмыстарын жеке жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық акция аясында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімі инспекторларының қатысуымен халық көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Азаматтар жиі шоғырланатын және көп жүретін орындарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау тақырыптарында 10-ға жуық плакаттар орналастырылып, 100-ге тарта жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2022-06-14