Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨНЕРЛІ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ӨНЕРЛІ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ӨНЕРЛІ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

          Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен ауданның мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндері арасында «Тіл болашағы – балабақшада» тақырыбында аудандық байқау болып өтті. Байқауға 25 бүлдіршін қатысып, өз бақтарын сынады.
        Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиевтің келісімімен өткен байқау талантты және дарынды балаларды анықтай отырып, оларға қолдау көрсетуді, Отанға деген махаббат пен өнегелік – патриоттық сезімге тәрбиелеу, бала тұлғасының ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етуді мақсат етті.
        «Балаларды өнер мен сұлулыққа, шығармашылыққа баулуды, бүлдіршіндердің танымдық қабілеттерін дамытуды, мемлекеттік тілдің бала өміріндегі маңыздылығын таныта отырып, ұлттық рухын бойға сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысушылардың дайындықтары жоғары деңгейде. Бәрі де үздік деп танылуға лайық. Дегенмен, жүйріктердің ішінен кіл мықтыларды анықтау әділ қазылар алқаларының құзіретінде» дейді Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ басшысы Құрманбек Рысмаханов.
      Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен байқауда бүлдіршіндер «Мен және балабақшам», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» және «Алақай, менің өнерім» сынды үш шарт бойынша сайысқа түсіп, өздері мен отбасыларын таныстырып, ақын-жазушылардың шығармаларын орындады. Өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
      Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен байқаудың ІІІ орыны «Нұр-Кәусар» балабақшасынан Мох Дарина, «Ақмарал» балабақшасынан Ақниет Есентай мен «Әсел» балабақшасынан Сұлтан Мірәліге бұйырса, «Нұр-Жібек» балабақшасының тәрбиеленушісі Аягөз Тағабек пен «Рзуан ана» балабақшасының тәрбиеленушісі Аяру Дүйсехан ІІ орынға табан тіреді. Ал, І орынды «Алпамыс» балабақшасының бүлдіршіні Раяна Туленова қанжығасына байласа, бас жүлдені иеленген «Білім патшалығы» балабақшасының тәрбиеленушісі Азатбек Нұрмұхаммед Сейітжанұлы байқаудың жеңімпазы атанды.
       Бұдан бөлек, өнерлерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленген қатысушылар «Үздік өнер көрсетуші», «Дарынды бүлдіршін», «Өнерлі бүлдіршін» номинацияларына ие болды.
       Жеңімпаздар ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдарымен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...