КӨНЕ ЗАМАННАН КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚАТЕРЛІ ҚОҒАМ ДЕРТІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам, Қылмыс пен жаза, Өзекті мәселе
22/06/2022
11 Views
Кез-келген өркениетті қоғамның қатерлі дерті саналатын – сыбайлас жемқорлықтың қаупі туралы әлемдік және отандық БАҚ-тарда көп айтылғанменде, өкінішке орай еліміздің көптеген азаматтары оның мемлекетіміз үшін қаншалықты қатерлі де айлалы ішкі жау екенін біле бермейді.
Алдымен бұл дерттің өз бастауын қай уақыттардан бері алатынына тоқталсақ. Осы қоғамдық қатер туралы ең алғашқы жазбалар – ежелгі Вавилондағы сына жазуларында кездеседі екен. Біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасына жататын шифрланған бұл мәтіндерде, сол дәуірдің өзінде-ақ, Шумер патшасы Урукагинде заңсыз сыйақы алатын билер мен шенеуніктер тарапынан жасалатын қиянаттардың жолын кесу мәселесіне ерекше мән бергені баяндалады. Шумер патшасы сол қатерді құрту жолында барынша қатал шараларды қолданғаны айтылғанмен, алайда ол тәсілдердің нәтижесі қандай болғаны белгісіз болып қалды.
Өз уақытында Ежелгі Египеттің билеушілері де дәл осындай қиын жағдайларға тап болыпты. Археологиялық зерттеулер барысында табылған құжаттар – біздің заманымызға дейінгі 597-538 жж. еврейлердің вавилондық тұтқындықтан кейінгі кезеңдегі Иерусалимдегі сыбайлас жемқорлықтың жаппай көріністері туралы куәландырады.
Кейбір тарихшылар атақты Рим империясының әлсіреп, біртіндеп тарих сахасынан өшіп кетуіне дәл осы сыбайлас жемқорлықтың өршуі себепкер деген пікірде. Рим билеушілері сыртқы жаулардан гөрі мемлекеттік қызметкерлердің өз пайдалары үшін кез-келген жаумен ауыз жаласуынан қатты қорқып, сол бағытта біраз шаралар да қолданғандарымен де олар дұрыс нәтиже шығара алмапты…
Батыс Еуропадағы атақты «Қайта өрлеу» дәуірімен қатар, біртіндеп сыбайлас жемқорлық қатынастары да дами бастапды. Оның қоғам өмірі мен істеріне қатысуының ашық бола бастағаны соншалықты ол тек ресми тарихи құжаттарда ғана емес, сонымен бірге көптеген көркем шығармаларда да көрініс таба бастайды. Сол заманның зиялыларының бірі – атақты Данте жемқор шенеуніктерді Тозақтың ең қараңғы, ең терең шеңберлеріне орналастырды. Тарих оның сыбайлас жемқорлықты ұнатпауын автордың саяси ойларымен түсіндіреді, өйткені Данте парақорлықты итальяндық республикалардың құлауының және саяси қарсыластарының табысының себебі деп санаған болатын.
Солтүстіктегі көршіміз Ресейде сыбайлас жемқорлық қарым-қатынасытың қалыптасуы мен дамуының да ұзақ тарихы бар екен. Атап айтқанда, князь-губернаторларға заңсыз сый ретінде берілген уәделер туралы алғашқы жазбаша сілтемелердің бірі 14 ғасырдың аяғына жатады. Тиісті норма «Двина хартиясында» (Василий I Жарғысы) ресейлік заңнамада бекітілген және кейінірек Псков сот жарғысының жаңа редакциясында нақтыланған. Бұл дереккөздерде мұндай актілердің бар екендігі туралы айтылған деп болжауға болады, олар ресми түрде бекітілгеннен әлдеқайда ертерек орын алған. Ресейде ашкөздіктің (пара алудың) таралуының айтарлықтай болғаны соншалық, 1713 жылғы 25 тамыздағы І Петрдің Жарлығы және одан кейінгі «заңдастырулар» бойынша өлім жазасы ашкөздік үшін жаза ретінде белгіленеді. Алайда, ол жаза ақша жымқырушыларды қатты қорқытпаған екен. Орыс шенеуніктерінің арам пиғылының, кем дегенде, шамамен ауқымын елестету үшін Петр I-ге дейінгі патшалық приказдардың хатшылары мен хатшылары және кейінгі кезеңдердің іс жүргізушілері, Петр I-нің өте ұры серіктесі сияқты тарихи кейіпкерлерді еске түсіру жеткілікті. Ханзада А.Д.Меньшиков Ұлы Петрдің тұсында Сібір губернаторы Гагаринді ақша үшін ұрлағаны және бопсалағаны үшін өлім жазасына кесілген. Ал одан берірек уақыттарда бұл «дерт» өршімесе басылмаған, оның қарапайым азаматтарға қаншалықты қиындық тудырған сол замандағы ресми тарихи құжаттардан ғана емес, орыстың ұлы жазушылары – Н.В.Гоголь, М.Е.Салтыков-Щедрин, И.И.Лажечникова, А.В.Сухово-Кобылина, А.П.Чехов және басқалардың еңбектерінен де оқуға болады.
Ресей империясы құлап, билікке большевиктер келген кезде олар сыбайлас жемқорлықтың қатерін жақсы сезініп, онымен аяусыз күрес жүргізе бастайды. Олардың жетекшісі В.И.Ленин парақорлықты өмір сүрудің ең қауіпті түрлерінің бірі деп санап, онымен күресу үшін ең қатал, кейде «варварлық» шараларды талап етеді. Ол Әділет халық комиссариаты алқасының мүшесі Курскийге жазған хатында: «Пара үшін жазаны (қорқытып алушылық, пара алу, пара алу үшін қысқаша жазаны) көрсететін заң жобасын тез арада, демонстрациялық жылдамдықпен енгізу қажет. Сондай қылмыс жасаған қызметкерді кемінде он жыл бас бостандығынан айыру және оның үстіне оған он жыл мәжбүрлі еңбек болуы керек»-деді. Большевиктер сыбайлас жемқорлықты «патшалық мұра» ретінде ғана емес, егер оған қарсы күресте әлсіздік танытылса, онда жемқорлардың кесірінен бар жеткен жетістіктерімізден айырылып қаламыз ба деп қорыққан деген болжамдар бар. Солардың осы бағытта жүргізген қатаң жұмыстарының арқасында КСРО-дағы сыбайластық пен парақорлыққа И.В.Сталинның кезінде аяусыз соққылар жасалды. Соның нәижесінде сыбайлас жемқорлық мәселесі толығымен жойылып кетпесе де, баяғыдай күшке ие бола алмады. Нәтижеде қарапайым халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі артып, саналарында «Үкімет өлтірмейді» деген түсінік қалыптасып, өздерінің және отбасыларының ертеңгі күндеріне алаңдаушылықтары азайды.
Шығыстағы көршіміз Қытайда жемқорлық әсіресе І және ІІ ші «Апиын соғыстарындағы» жеңілістердің салдарынан өршіп кетті. Сол соғыстардң салдарынан Цин империясы қатты әлсіреді, біраз жерлерінен айырылды. Сондай-ақ аймақтарын бақылау мүмкіндігіне ие бола алмауларының салдарынан өңірлерде мемлекеттік қызметкерлердің ақшаға сатылғыштығы мен жемқорлықтың өршігені соншалықты есірткі саудагерлері өз өнімдерін ашықтан-ашық саудалайтын дәрежеге жетті. Империя күннен-күнге әлсіреп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Елдегі жағдай тек билікке Мао-Цзэдуннің келуімен оңалды. Ол да Сталин секілді қатаң шаралар қолданып, жемқорлықпен көзге түскен шенеунікті өлім жазасына кесу тәртібін енгізді.
Бүгінде де сол елде ол жаза әлі де қолданылып, айыпталушының туыстары тіпті жазаға кесілген адам үшін жұмсалған оқтың да құнын төлейді.КСРО-ның тарқауы мен 1990-жылдардағы экономикалық қиындықтар, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларының төмендігі «шала ұйқыдағы сыбайластыққа» қайта тірілтті десе де болады. Сол кездер мен 2000 жылдардың алдыңғы бес жылдығындағы қиындықтар бұрыңғы кеңестік республикалардағы сыбайлас жемқорлық індетінің біраз өршуіне себеп болғанмен, бүгінде жағдай оңалуда. Барлық әлем елдері секілді біздің мемлекетімізде де оған қатысты қатаң шаралар қолданылып, арнайы Заң да қабылданды. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстанымыздың халықаралық аренадағы жағдайы жақсарып, елімізге инвестиция салғысы келетін алпауыттардың саны артуда. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруына сеп болуда.
Қорыта айтар болсақ, сыбайлас жемқорлық індеті, кеше не бүгін пайда болған не болмаса тек бір елде ғана орын алатын қатерлі қоғамдық дерт емес. Ол өз бастауын мемлекеттік басқару жүйесі пайда болған кезден алып, содан бері келе жатқан «емделуі қиын дерт». Бірақ солай екен деп, қол қусырып қарап отыруға да болмайды.
Егер Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ұзақ болғанын қаласақ, онда бүкіл қоғам болып оған қарсы күресуіміз керек. Ол үшін ел азаматтарының бойында сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті мектеп қабырғасынан бастап мықтап сіңіруіміз қажет. Сонда ғана сол бағытта елеулі жетістікке жететін боламыз.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.
2022-06-22