Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗ ҮШІН МАҚТАНУЫМЫЗ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗ ҮШІН МАҚТАНУЫМЫЗ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗ ҮШІН МАҚТАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        Биыл еліміздің  Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануына 30 жыл толып отыр. Яғни, Қазақстанымыздың Тәуелсіздігін жалпақ әлемге паш етуші рәміздер міне үшінші онжылдыққа да қадам басты деген сөз. Бұл біз үшін мақтанышты әрі қуанышты жай болуы қажет!
        Егер тарихқа үңілетін болсақ, ерте дәуірлерде еліміздегі әрбір рудың өз таңбасы болғанын білеміз. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы, өз руының таңбасы салынған жалауды ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Сол уақыттарда ата-бабаларымыз өздерін Көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты секілді бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстап, жауға шапқан.
      Ал, әлемдік тарихқа көз салсақ, көне замандарда алғашқы тайпалар өздерін басқаларынан ерекшелендіріп тұратын таңбаларды иеленген. Мысалға су жағасындағы тұратын қауымдар көбінесе өздері киелі санайтын судағы тіршілік иелерінің бейнелерін, ал ормандағылар арман аң-құстарын дегендей. Ал уақыт өте келе Жер бетінде алғашқы мемлекеттер құрыла бастағанда тек сол елдердің ғана емес, олардағы әскери құрамаларда да тек өздеріне ғана тиесілі жалаулар мен айырым белгілері пайда болған.  Басында ол соғыс даласында әскербасылардың жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілері ретінде ғана пайдаланылса, кейіннен оған да ерекше мән-мағына беріле бастады. Мысалға, әскери бөлім соғыс кезінде өз жалауларынан айырылып қалса, онда ол сол әскери құрам үшін бұл жай ешқашан өшпейтін дақ ретінде қабылданған. Рим империясы кезінде егер де бір легион ұрыс кезінде өз штандартынан айырылып қалса, онда сол бөлім толық құрамда масқарашылықпен тарқатылатын болған.
        Рәміздерге деген сүйіспеншілік Орта ғасырлық Еуропада кең тарады. Өзін құрметтеген кез-келген ақсүйек немесе серінің міндетті түрде отбасылық гербі мен жалауы болды. Кейбірінде жеке гимндері де болған екен. Онда «сол әулеттің даңқты істері әнмен дәріптелетін». Бір қызығы гимндердің тексі серінің ұрыс даласында не турнирде қанша жеңіске жетуіне байланысты өзгеріп отырған.
      Бүгінгі күні де әлемде мемлекеттік рәміздерге деген құрмет ерекше. Себебі ол – кез-келген елдің тәуелсіздігін, егемендігін білдіретін өзіндік айырым белгісі болып табылады. Яғни, Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі.
       Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, әлемдік стандартқа сай дербес мемлекеттік Рәміздер бекітілді. 1995 жылы жаңа Конституция қабылданса, 1996 жылдың 24 қаңтарында республиканың рәміздері туралы бірыңғай Конституциялық заң шығарылды, ол 2007 жылдың 4 маусымында жаңа «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңға ауыстырылды.
        Басқа мемлекеттер секілді бідің елімізде де мемлекеттік рәміздерді қорғау ісіне ерекше мән беріледі. Атап айтар болсақ, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Республика азаматы мемлекеттік рәміздерді – Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеуге міндетті» (31-бап)-деп айтылса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 317-бабы бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қорлау – бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...