АТАМЕКЕНДЕ КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛЫП, АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Билік
23/06/2022
20 Views
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында Жетісай ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов бекітілген кестеге сәйкес Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен Атамекен елді мекенінде №68 «Жібек жолы» ЖОМ ғимаратында кездесу өткізді.
Басқосуға аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сұңғат Амангельдиев, дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен мен округ тұрғындары қатысты.
Ашық жүздесуде Асан Жақыпбекұлы 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті.
Аудан аумағынан ивестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Асықата кентінен 50,0 га жер учаскесі резервке алынды. Бүгінгі таңда сәулеттік жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, бас жоспарға өзгерістер енгізілуде.
2022-2023 жылдары жалпы инвестиция көлемі 50,8 млрд теңгені құрайтын 7 жобаның іске асырылуы күтілуде. Аталған кәсіпорындарда 3247 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуы жоспарлануда.
«2021-2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында 214 азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Оның 112-сі 29-ға дейінгі жастарды құрайтын болады.
2022 жылға елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін 35,1 млн теңге, Атамекен ауылдық округі, Атамекен елді мекен көшелеріне 10 кВт. әуе электір желілерін жүргізу және жарықтандыру үшін 34,8 млн. теңге, Жетісай қаласын ағын сумен қамтамасыз ететін күн сәулесінен қуат алатын электро насостық станциясын орнату жұмыстарына 7,0 млн. теңге қаралды.
2022 жылы «Жеңістің 40 жылдығы» елді мекеніндегі ұзындығы 900 метрді құрайтын Халықтар достығы көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған округ бойынша стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен тиісті жол белгілері жергілікті округ әкімдігінің ұсынысына сәйкес орнатылады.
«Тың дала» елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жүргізу үшін алдағы уақытта сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті қаржы көлемі анықталғаннан кейін, бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
Кездесу соңында мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға Асан Жақыпбекұлы жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген атаулы әлеуметтік көмек, қоғамдық жұмысқа орналасу, ағын су, ауыз су, жол жөндеу, істен шыққан тік дренаж ұңғымаларын жаңарту, жарықтандыру мәселелері бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2022-06-23