Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОЛАР МАҚТААРАЛ АУДАНЫН БАСҚАРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ОЛАР МАҚТААРАЛ АУДАНЫН БАСҚАРДЫ

ОЛАР МАҚТААРАЛ АУДАНЫН БАСҚАРДЫ

         Тарих адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық білім. Тарихтың негізгі пәні ретінде – адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауатталығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. «Тарихсыз халық жоқ» – деген нақыл сөз бекерге айтылмаса керек. Тарихтың қалыптасуына ықпал жасайтын үлкен күш – тұлға, яғни елдің басшылары екені даусыз. Халықты, тұтас бір елді басқарған ел көсемдері сияқты аудан басшыларының да өз өңірінің тарихына әсері болатыны анық.
         Өткен ғасырда 70-жылдай билік жүргізген Кеңес Одағы кезеңін айтатын болсақ Коммунистік партияның идеологиясын халық арасында насихаттау, елдің саяси-экономикалық ахуалын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту, өндіріс ошақтарын ашу, мемлекеттік жоспарды уақытында асыра орындау жұмыстарын ұйымдастыру оңай шаруа емес. Осы тұрғыда Мырзашөл өңірін игеруге белсене араласқан аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары мен аудандық атқару комитеті төрағаларының еңбегін ерекше атап өтуге болады.
         Қазіргі таңда сіз бен біз өмір сүріп отырған, гүлденіп, өсіп өркендеуіне шамамыз келгенше үлесімізді қосып келе жатқан Мырзашөл өңірінің, оның ішінде Мақтаарал ауданының тарихы тереңде жатыр. Ол туралы тарихшы ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізіп, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың туған жерге деген сүйспеншілігі мен патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ат салысуда. Бүгінгі мақалада Кеңес Одағы дәуірінде «Мырзашөл» шөлін игеруде өлшеусіз еңбегі сіңген азаматтар, яғни Мақтаарал ауданын басқарған және осы уақытқа дейін басқарып келе жатқан бірінші басшылардың тізімін жариялауды жөн көріп отырмыз.
        Мақтаарал ауданы 1928 жылғы 3 қыркүйекте құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 24 маусымдағы Жарлығына сәйкес Асықата, Жетісай және Мақтаарал аудандары таратылып, орнына орталығы Жетісай қаласында орналасқан іріленген Мақтарал ауданы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 05.06.2018 жылғы Жарлығымен іріленген Мақтарал ауданы орталығы Жетісай қаласында орналасқан Жетісай ауданы және орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Мақтаарал ауданы болып екіге бөлінді.
Мақтаарал аудандық Компартия комитетінің бірінші хатшылары
мен аудан әкімдері
  1. Филатов Андрей Филипович қараша 1928ж.        –          1931ж.
  2. Седов Николай Николаевич 1931ж.             –          1932ж.
  3. Құрманғалиев 1933ж. –          қыркүйек 1933ж.
  4. Беляков Василий Яковлевич ақпан 1935ж.           –          желтоқсан 1936ж.
  5. Иралин Әбдібек желтоқсан 1936ж. –          мамамыр 1937ж.
  6. Мұхамедияров Рахимхан мамыр 1937ж. –          қыркүйек 1938ж.
  7. Дүйсенов Жаңабай мамыр 1938ж. –          қаңтар 1939ж.
  8. Яковлев Антон Кузьмич қаңтар 1939ж. –          ақпан 1940ж.
  9. Самилин Василий ақпан 1940ж.           –          тамыз 1940ж.
  10. Нестеров Александр тамыз 1940ж.          –          тамыз 1942ж.
  11. Назаров Алмаз тамыз 1942ж.          –          мамыр 1943ж.
  12. Бейсембаев Ұлтубай мамыр 1943ж.         –          қаңтар 1949ж.
  13. Халикеев Құрбанбай қаңтар 1949ж.         –          желтоқсан 1949ж.
  14. Сұлтанов Хасан желтоқсан 1949ж. – қаңтар 1952ж.
  15. Тұрғынбаев Қалдарбек наурыз 1952ж. –          желтоқсан 1955г.
  16. Қыстауов Ахметбек желтоқсан 1955ж. –          желтоқсан 1957ж.
      Мұхамедиярұлы
  1. Омаров Ирмет желтоқсан 1957ж. –          тамыз 1961ж.
  2. Тасанбаев Егемқұл қыркүйек 1961ж. –          шілде 1962ж.
  3. Әльжанов Дербіс шілде 1962ж. –          қаңтар 1963ж.
      Қалдыбайұлы
      (1963 жылдың қаңтарынан – Өзбек КСР)
  1. Әлканов Жолдас ақпан 1965ж. –          маусым 1969ж.
  2. Сүлейменов Уәліхан маусым 1969ж.       –          тамыз 1978ж.
      (1971 жылдың шілдесінен – Қазақ КСР)
  1. Ысқақов Көшербай тамыз 1978ж. –          наурыз 1983ж.
  2. Күльбаев Ошақбай наурыз 1983ж. –          қазан 1985г.
      Оспанұлы
  1. Нұржанов Омарбек қазан 1985ж. –          қараша 1988ж.
  2. Штопель Александр қараша 1988ж.        –          ақпан 1989ж.
      Андреевич
  1. Ларин Эдуард Николаевич ақпан 1989ж.           –          қыркүйек 1991ж.
      Мақтаарал аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағалары (райисполком)
  1. Сарсенбаев Исламқұл 1928ж.
  2. Жанұзақов 1930 ж.
  3. Молдағалиев 1933ж.
  4. Елеукенов Балабай желтоқсан 1934ж. –         ақпан 1936ж.
  5. Дондаев Құрман маусым 1938ж.
  6. Жанзақов Қайназар маусым 1938ж. –          тамыз 1942ж.
  7. Коломин тамыз 1942ж. –          желтоқсан 1942ж.
  8. Пупащенко Иван Трофимович желтоқсан 1942ж. – қазан 1945ж.
  9. Тахтаров Нигматулла қараша 1945ж.        –          қараша 1947ж.
     Газизович
  1. Мамырбаев Әбу қараша 1947ж. –          ақпан 1950ж.
  2. Омаров Қоншай ақпан 1950ж. –          қаңтар 1952ж.
  3. Мүмінов Әшір Мүмінұлы наурыз 1952ж. –          наурыз 1953ж.
  4. Мұхаммедов Кенжебек наурыз 1953ж. –          желтоқсан 1953ж.
      Мамбетұлы
  1. Тұрлыбаев Орын желтоқсан 1953ж. – ақпан 1955ж.
  2. Абдусаттаров Атахан наурыз 1955ж.        –          тамыз 1956ж.
  3. Жұрмұхамедов Мұқатай тамыз 1956ж. –          желтоқсан 1957ж.
  4. Керімов Сатай қаңтар 1958.            –          желтоқсан 1960ж.
  5. Жүсіпбекова Тойндық желтоқсан 1960ж. – желтоқсан 1962ж.
  6. Әльжанов Дербіс желтоқсан 1962ж. – қыркүйек 1963ж.
      Қалдыбайұлы
      (1963 жылдың қаңтарынан – Өзбек КСР)
  1. Әлканов Жолдас қыркүйек 1963ж. –          қыркүйек 1964ж.
  2. Абуов Парқұл қазан 1967ж.           –          ақпан 1969ж.
  3. Үкібаев Төретай ақпан 1969ж. –          қазан 1978ж.
      (1971 жылдың шілдесінен – Қазақ КСР)
  1. Жұманов Тұрғанбек қазан  1978ж.           –          мамыр 1982ж.
  2. Күльбаев Ошақбай мамыр 1982ж. –          наурыз 1983ж.
  3. Жаштаев Сапар наурыз 1983ж. –          мамыр 1986ж.
  4. Сарсенов Кенжетай мамыр 1986ж. –          қаңтар 1990ж.
  5. Ларин Эдуард Николаевич ақпан 1989ж.           –          қыркүйек 1991ж.
  6. Қанаев Ережеп қыркүйек 1991ж.    –          наурыз 1992ж.
Мақтаарал ауданының әкімдері
  1. Төлебаев Кенжехан қыркүйек 1991ж. –          мамыр 1997ж.
       (1992 жылдан әкім)
  1. Нұржанов Омарбек мамыр 1997ж. –          желтоқсан 1997ж.
  2. Үмбетаев Ибадулла желтоқсан 1997ж. –          тамыз 1999ж.
  3. Төлебаев Кенжехан тамыз 1999ж. –          қыркүйек 2002ж.
  4. Нұржанов Омарбек қыркүйек 2002ж. –          желтоқсан 2008ж.
  5. Хаметов Қасымбек желтоқсан 2008ж. – тамыз 2010ж.
  6. Тұрбеков Серік тамыз 2010ж.          –          мамыр 2015ж.
  7. Бейсенбаев Жамантай мамыр 2015ж. –          тамыз 2016ж.
  8. Исмайлов Ғалым тамыз 2016ж. –          сәуір 2018ж.
  9. Бейсенбаев Жамантай сәуір 2018ж. –          шілде 2018ж.
  10. Асанов Бахыт шілде 2018 жылдан осы уақытқа дейін.
        Мақтарал ауданы Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві жоғарыда аталған кісілердің өмірбаяндары жинақталған анықтамалық шығаруды қолға алып отыр. Бұл анықтамалықта 1928 жылдан осы уақытқа дейін Мырзашөлді игеруде үлкен еңбегі сіңген азаматтар яғни Жетісай, Ильич, Киров, Қызылқұм, Мақтаарал және Шардара аудандары партия комитетінің бірінші хатшыларының, аудандық еңбекшілер (халық) депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағаларының және аудан әкімдерінің өмірбаяндық құжаттары жинақталған.
        Өмірбаяндық анықтамалық ғылыми-көпшілік үлгідегі басылым қатарына жатады. Анықтамалық оқырмандардың Мырзашөл өлкесін танып білуге және осы өлкені басқарған азаматтардың қажырлы еңбектері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеуде оқытушылардың пайдалануына болады.
Ахмет ШҮКІРХАН,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің
Бас қор сақтаушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...