Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАҒДАТ МУСИН ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » БАҒДАТ МУСИН ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

БАҒДАТ МУСИН ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

       Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады. Ол министрліктің қызметі туралы айтып, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен бөлісті.
         «Еліміздегі цифрлық трансформацияны сәтті жүзеге асыру үшін барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар белсенді ат салысуы қажет. Дәл осы цифрлық шешімдер қоғам үшін оң нәтижеге қол жеткізіп, сондай-ақ  мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімді етуге жол ашатынын түсіну керекпіз»,- деп атап өтті министр.
      Бұл ретте цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қызметтерді мобильдік қосымша арқылы алу жиілігі артқанын, 2022 жылдың 5 айында цифрлық құжаттар 6 млн-нан астам рет қолданылғанын хабарлады. Қазақстандықтарға цифрлық форматта 18 құжат қолжетімді, оларды тек EGov арқылы ғана емес, екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы да пайдалануға болады.
         Сондай-ақ министр азаматтарды құжаттандыруды адами факторсыз жүзеге асыратын жаңа жоба – арнайы терминалдар енгізіле бастағанын айтты. Егер бүгінгі таңда бұл қызметті көрсетуге 20-30 минут жұмсалса, ал терминалдар арқылы құжаттандыру қызметі 5-10 минутта көрсетіледі.
      Жыл соңына дейін сыртқы платформаларға ең танымал 20 мемлекеттік қызмет шығарылады.
     Әлеуметтік саланы цифрландыруға келетін болсақ, еліміздің 17 өңірінде мүгедектіктің 3-тобын сырттай куәландыруға бағытталған арнайы пилоттық жоба енгізілуде. Мысалы, бұған дейін мүгедектікті немесе жұмысқа жарамсыздық деңгейін белгілеу үшін тұрғылықты жеріндегі емханаға барып, сосын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберілетін. Ал қазір мүгедектікті белгілеу үшін тек медициналық мекемеге барса жеткілікті.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құзіретіндегі 23 мемлекеттік қызметтің 11-і мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетіледі. Мұндай қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру арқылы құжат ресімдеу процесін жеңілдетіп, мүгедектігі бар жандарды артық жүріс пен қағазбастылықтан босату көзделген.
      Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы да проактивті форматқа ауыстырылды: жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттарды өз бетінше жинаудың қажеті жоқ, барлық процесс автоматтандырылған.
      Жалпы, министрдің айтуынша, цифрландыру барлық саланы, соның ішінде санэпидқадағалау, ауыл шаруашылығы және тіпті құрылыс саласын да қамтиды. Алайдабұл бағытта әлі де талай жұмыс атқару керек.
     IT-саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл орайда Қазақстан қарқынды түрде дамып жатыр. Мәселен, бүгінде «Astana Hub» -та 750-ден астам резидент бар, стартап-жобаларға 70 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, 5 өңірлік технопарк ашылды.
«IT-экожүйені дамыту үшін адами капиталға назар аудару маңызды. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау міндетін қойды. Өткен жылы елімізде 7 жекеменшік инновациялық бағдарламалау мектебі іске қосылды. Биыл тағы да осындай 5 мектеп ашылады. Балама білім беру ретінде өткен жылы 13 IT-мектепке 100 ваучер берілді. Биыл 3 мың ваучер ұсынылады», – деді Бағдат Мусин.
   ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...