Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚР СЕНАТЫ ИННОВАЦИЯ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚР СЕНАТЫ ИННОВАЦИЯ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР СЕНАТЫ ИННОВАЦИЯ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

       ҚР Парламенті Сенатының депутаттары цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңға қатысты баяндамасын тыңдады.
        Заң Мемлекет басшысының биылғы жылы бастамашылық еткен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шешімдерді көздейді.
        Онда мынадай жаңа тәсілдер көзделген: мемлекеттік органдар қызметін нақты оңтайландырудан сапалы қайта құруға көшу, әкімшілік ауыртпалықты одан әрі төмендету, өзекті және анық деректерге («data-driven government») негізделген мемлекеттік басқаруды енгізу, азаматтардың құпия деректерінің қорғалуына қойылатын заңнамалық талаптарды қатаңдату, цифрлық және қағаз құжаттардың заңдық тең маңыздылығын қамтамасыз ету, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, цифрландырудың бірыңғай платформалық моделіне көшу, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік маңызы бар салаларын және ұлттық экономиканың стратегиялық салаларын одан әрі цифрландыру.
        Жаңа заңның қабылдануы қалалар мен ауыл тұрғындары арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқартуға мүмкіндік береді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, банктерге, нотариустарға және өзге де ұйымдарға жүгінген кезде құжаттардың қағаз нұсқаларының болуы қажеттілігін болдырмайды, мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын азайтады, ақпараттық жүйелерді қолдауға арналған бюджет шығыстарын оңтайландырады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде адамдар мен бизнес үшін шығындарды төмендетеді және басқару шешімдерінің тиімділігін арттыруға әкеледі.
        Заңда цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясын кеңейтуге, ауылдық елді мекендер үшін халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуінің цифрлық нүктелерін ашуға, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы куәліктерді (туу туралы, неке қию немесе некені бұзу, қайтыс болу туралы куәліктер) электрондық форматқа ауыстыруға, алқабилерге үміткерлер тізімін іріктеу процесін цифрландыруға қатысты және тағы басқа түзетулер көзделген.
           «Бүгінде мемлекеттік секторда түрлі платформалар мен бағдарламалық шешімдер негізінде әзірленген 400-ге жуық ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Заңжобада «электрондық үкіметтің» бірыңғай архитектурасы енгізілуде, ол қазіргі бытыраңқылықты жояды және бірыңғай платформалық тәсілді қамтамасыз етеді», – деді Бағдат Мусин.
         Бұдан басқа, заңда деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту, сондай-ақ, деректерді басқару, иелену және жұмыс процесі бойынша бірыңғай талаптарды жасайтын тиісті уәкілетті органды енгізу ұсынылады. Енді, Бағдат Мусиннің айтуынша, бюджет қаражаты есебінен құрылатын, жинақталатын деректердің иесі мемлекет болып табылады.
         Бұл ретте, азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту мақсатында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесі кеңейтіледі, бұл дербес деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды арттыруға мүмкіндік береді.
        Баяндама барысында Бағдат Мусин электрондық құжаттардың қағаздағы баламаларына сәйкестігін бекіту туралы ұсыныс айтты.
       «Көптеген азаматтар мемлекеттік қызметтерді мобильдік сервистер арқылы алуды қалайды. Өткен жылдан бастап азаматтарға «еGov mobile» мобильдік қосымшасында қағаз құжатының электрондық нұсқасын жасауға мүмкіндік беретін цифрлық құжаттар сервисі іске қосылды. Ұсынылып отырған түзетулер азаматтарға құжаттардың цифрлық нұсқаларын толыққанды және тең мәнді пайдалану құқығын қамтамасыз етеді», – деп хабарлады цифрлық ведомство басшысы.
        Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер бойынша құжаттарды сұратуға заңнамалық түрде тыйым салынады.
         Қазпоштаның 2 мың ауылдық бөлімшесінде ауыл тұрғындарына мемлекеттік органдарға электрондық өтініштер жіберуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жабдықталған «цифрлық нүктелер» пайда болады.
         Бүгінгі таңда Қазақстанда еңбек нарығында білікті IT-кадрлардың тапшылығы байқалады. Айта кету керек, бұл жалпы әлемдік үрдіс. Бұл ретте бүкіл әлем бойынша, оның ішінде Қазақстанда да білікті бағдарламашыларға сұраныс күн сайын өсіп келеді. Осыған байланысты заңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру көзделген.
         Сондай-ақ, ҚР ЦДИАӨМ көмірсутекті шикізат бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын электрондық түрде беруге аукциондар өткізу тәртібін, мұнай өнімдері базаларын есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру міндеттілігін қайта қарауды ұсынады. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу функцияларын жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-на беру көзделеді.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі  министрлігінің баспасөз қызметі
press@mdai.gov.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...