Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ОНЛАЙН-АУКЦИОНДАР АРҚЫЛЫ САТУ ПРОЦЕСІ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ОНЛАЙН-АУКЦИОНДАР АРҚЫЛЫ САТУ ПРОЦЕСІ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ОНЛАЙН-АУКЦИОНДАР АРҚЫЛЫ САТУ ПРОЦЕСІ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

          ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен, Ауыл шаруашылығы, Әділет министрліктерімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен және облыстық әкімдіктермен бірлесіп, электрондық сауда-саттық арқылы мемлекет меншігінен жер учаскелерін беру жөніндегі жобаны іске қосты.
         2022 жылғы 22-24 маусымда Қызылорда облысындағы екі жер учаскесі сәтті сатылды. Олардың бірі бастапқы бағасы 1,5 млн. теңге болған кезде «электрондық» балға арқылы 2,8 млн теңгеден астам қаржыға, ал екіншісі 246 мың теңгеге, 396 мың теңгеге сатылды.
         Ақтөбеде тағы үш жер телімі саудаға шығарылды, аукцион 8 шілдеге белгіленді.
        Бұдан бөлек, Алматы облысындағы екі жер учаскесін сату жоспарланған.
       Жобаның мақсаты – клиенттер үшін де, мемлекеттік органдар мен ведомстволар үшін де бизнес-процестердің барлық спектрін автоматтандыру.    Бұл ретте субъект өзінің жүгіну барысын түпкілікті нәтижеге дейін бақылай алуы тиіс.
         Сауда-саттыққа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.
        Онлайн-ауцион мемлекеттен жер сатып алу процесін ашық әрі түсінікті етуге, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді. Аталған тәжірибе бүкіл республика бойынша таратылатын болады.
        Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  әкімдіктермен бірлесіп жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын (ЖМБМК) енгізу жұмысымен айналысып жатыр. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының (ЖМТ МДҚ) шашырап жатқан 226 базасы осы ЖМБМК-да тоғыстырылған. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы ақпаратты онлайн жұмыс істейтін Жария кадастрлық картадан алуға болады.
        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап құқықтарды тіркей отырып, жер учаскесіне актіні дайындауға дейін жер учаскесіне қажетті  құжат айналымының толық циклін қамтамасыз ететінін атап өтеміз.
        Жер кадастры департаменттері барлығы  10 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
  • жер жобаларын жасау;
  • жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
  • жер учаскелерін көлденең және биіктіктен түсіру;
  • ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізу;
  • жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу;
  • бағалау аймақтарының шекараларын құру;
  • бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары;
  • аэрофототүсірілім жұмыстары;
  • кондоминиум объектілеріндегі жер учаскесінің үлесін есептеу;
  • жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және тағы басқалар.
            Сондай-ақ, клиенттерге ыңғайлы болу үшін, жер кадастры бойынша қызмет көрсететін қызметкерлер бұрынғыдай жеке ғимараттарда емес, ХҚКО-да орналасқан.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...