Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОҒАН МЫРЗАШӨЛ ХАЛҚЫНЫҢ ЫҚЫЛАС, ҚҰРМЕТІ ЕРЕКШЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ОҒАН МЫРЗАШӨЛ ХАЛҚЫНЫҢ ЫҚЫЛАС, ҚҰРМЕТІ ЕРЕКШЕ

ОҒАН МЫРЗАШӨЛ ХАЛҚЫНЫҢ ЫҚЫЛАС, ҚҰРМЕТІ ЕРЕКШЕ

        Биыл ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірі – арқалы ақын, адуынды азамат, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ағамыз сексеннің сеңгіріне шығып, халқының құрметіне бөленуде.
       Отырардың отты оғланы кешегі кеңестік кезеңде Жастар сыйлығының  (Қазақстан ЛКЖО) лауреаты атанып, «Танакөз» поэмасымен елге, Одаққа ерте мойындалды.
        Айтулы ақын ағамызбен 1971 жылы ҚазМУ-дің қабырғасында кездесіп танысқаным әлі есімде. Албырт шақ ауылдан Алматыға барып, арман қуып, алып-ұшып жүргенімде  арқалы ақын ағамызбен жүздесудің сәті түсті. Сонда М.Шаханов ағамыз бір жапырақ қағазға:
          Өмір деген биік тау,
         Болма жаным тұйықтау.
         Қанат жалға ойыңа,
        Сүрінсең де мойыма.
        Келін алсаң әрине,
       Шақырарсың тойыңа,-деп өлең арнап қолтаңба бергені бар, сол жазба әлі жеке архивімде сақтаулы тұр.
       Сонымен бірге, ол Жетісай аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Қалқожа Ескендіровке сәлем хат жазып, мені қанатының астына алып қамқорлық көрсетуді сұраған болатын. Мен ол хатты Қ.Ескендіровке әкеліп бердім. Өкінішке орай, сырттай  оқу бөлімінің студенті, 18-дегі жас жігітті сол кездері аты Одаққа дүрілдеп тұрған «В.И.Ленин» атындағы колхоздың комсомол комитеті хатшылығына ұсынуға аудан жастарының жетекшісі Қ.Ескендіровтің қауқары жетпеді…
         «В.И.Ленин» атындағы колхоздың Мәдениет үйі директоры болып жүргенімде, 1979 жылы ерте көктемде жастық шақ жырлары жалпақ қазақ даласын жаулап, әндері әуелеп жатқан Мұхтар аға ауданымызға, соның ішінде біздің ауылымызға ат басын бұрды. Шұғыл түрде ауыл жастарын, әдебиетке жақын ел азаматтары  жинап шағын кездесу кешін ұйымдастырдым. Суретке түсіп, қолтаңбасын қалдырған болатын.
        Біз жаққа екінші келуі  – 1985 жылы қаңтар айында болды. Бұл кезде М.Шахановтың өлеңдері Одаққа тарап, ВЛКСМ-нің Жастар сыйлығын  иеленген кезі еді. Ақын ағамыз құлашын кеңге жайып, орыстың ұлы ақыны Е.Евтушенкомен шығармашылық байланыста болды. Мәскеуде авторлық кештерін өткізіп жатты. Жастар журналы «Жалынның» бас редакторы болып көп жылдар қызмет атқарды.
        Ақынмен кездесу кешін Мәдениет үйінің үлкен залында 500 адамның қатысуымен өткіздік. Ол кездері Кеңес Одағында Компартияның қылышы қолында, билігі дүрілдеп тұрған жылдар еді. Кездесуге ауыл тұрғындарының үлкен-кішісі тайлы-тұяғымен қатысты. Ақын өлеңдерін өршелене оқыды, әндері орындалды. М.Шаханов мінбеде тұрып қазақ қыздарының ауылда механизатор болуына тайсалмай қарсы шығып, сөз сөйледі.  Қазақ қыздары «темір тұлпар» емес, бала туып, денсаулығы мықты болуы керек, ауыр жұмыспен ер жігіттер айналыссын деп ашық пікірін білдірді.
       Мұхаңның сөзінен кейін кешке қатысып отырған аудандық партия комитетінің жауапты қызметкері Қ.Сүлеиов пен колхоздың партия ұйымының хатшысы Ж.Тағабаев (екеуі де марқұм болып кетті) үн-түнсіз залдан шығып кеткен еді…
         Кеш соңынан ақын ағамыз қыраулы қыста біздің үйде жазылып отырып шай ішті. Арнайы асылған қойдың басын ұстап, құлағын кесіп менің ұлым Абайға жегізді. Алдына алып отырып еркелетті. Балажан екен. «Жалын» журналын сыйға тартып,
        Жайсаң інім Пердешім,
       Басшы болу – ерге сын.
      Сенің төмен ұшқаныңды шымшықтап,
       Ағаң мәңгі көрмесін,-деп қолтаңбасын қалдырды. Хабарласып тұр деп телефонын берді.
      Тәуелсіздік алғанмен, еліміз әлі есін жия алмай жатқан 1992 жылдың жаз айында ағамыз ауданымызға елу жылдық мерейтойында арнайы келді. Ол уақыттарда өңірімізде әкімшілік басқару жүйелері енді құрылып, аудандардың басшылықтарына И.Үмбетаев, К.Төлебаев, К Сәрсеновтер әкім болып тағайындалған болатын.
         Негізгі кездесу тағы да сол – «Үлгілі» ЖШС-інде (бұрынғы «В.И.Ленин» атындағы колхоздың Мәдениет үйінде) өтті. Сахнаны арнайы безендіртіп, М.Шахановпен кездесу кешінің тізгінін өзім жүргізіп отырдым.
      Ақынды гүл шоқтарымен қарсы алып, дәм-тұз ұсындық. Елу  жылдық мерейтойында ақын ағамыз өлеңдерін оқып, оқырмандар сұрақтарына жауап берді. Бұл жылдары ел еңсесін тіктеп жатқанда саясат сахнасында ел Президенті Н.Назарбаевпен қатар аттары аталған тағы екі ірі тұлға болды. Олар  – О.Сүлейменов пен М.Шаханов болатын. Мұны ақынның өзі ауыл сахнасында тұрып мақтанышпен айтқаны есімде. Олжас Сүлейменов «Семей – Невада» қозғалысын бастап, Семей атом сынақ алаңының жұмысын тоқтатуға атсалысты.  Ал Мұхтар Шаханов – Мәскеуде съезде М.Горбачевке мінбеде тұрып, «Желтоқсан оқиғасының» шындығын жайып салғаны көзсіз батырлық болды. Онан соң Мұхтар аға Арал теңізі қасіретін көтеріп, оған бүкіл әлемнің назарын аудартты.
       Ақындығымен қатар қайтпас қайраткерлігі қатар жарқыраған М.Шаханов ана тіліміз – Қазақ тілінің мәртебесі үшін де өткір өлеңдерімен, ұшқыр да ұтқыр ойларымен орда бұзып жүріп, миллиондардың жүрегін жаулап, баурап алған еді.
        Көп ұзамай М.Шаханов – Қырғыз еліне,ал  О.Сүлейменов  – Италияға елші болып кетті. Мұхаңның заңғар жазушы Ш.Айтматовпен аға-іні болып араласуы – өз алдына тарих. Сол жылдары М.Шаханов Мақтааралға, А.Қалыбеков ауылына үш рет келіп топырағын басты, халықпен кездесті.
       2012 жылы ақын ағамыз шілде айында Сарыағаш шипажайында шипалы суын ішіп, ем алып жатты. Біз – ақын Мұхтар Құралов, жазушы Нұрғали Қадырбаев үшеуміз оны арнайы іздеп бардық. М.Құралов Шахановтың «Мені неге Мұхтар қойған?» өлеңіне ән шығарған еді. Оны өзі жақсы орындайды. Бірақ, ән туылып орындалғанына 22 жыл өтсе де, оның иесі, айтулы ақын, өзінің аттасы М.Шахановты өмірі көрмеген, кездеспеген, таппаған екен.
         Менің мұрындық болуымен қос Мұхтардың басы қосылып,  арқа-жарқа әңгіме дүкен құрдық. Сол жылы Мұхтар ағамыз 70 жасқа толған екен. Өкінішке орай, арынды ақынның 60-70 жылдықтары өз дәрежесінде есте қаларлықтай аталып өтілмеді…
        Шет елдердегі түрлі деңгейдегі әлемдік сый-сияпат, атақтарды алған «Әлем ақыны» атанған М.Шаханов өз еліміз ұсынған атақтарды алуға келісім бермеген еді. Әлем мойындап дүрілдеп тұрған ақиық ақын, қайсар азамат М.Шахановты облыс, аудандар шақыруға именетін, тартынатын жылдар болды. Сондай жылдардың бірінде, яғни 2014 жылдың ақпан айында айтулы тұлғаны Мұхаңды, ауданымызға шақырып қонақ еттік. Аудан әкімі С.Тұрбековтің тілін тауып саясат сөз болмайды деп кездесу кешін бір күнде екі рет өткіздік. Басы-қасында екі елі ажырамай өзім жүрдім. Кездесу кештерін тағы да өзімнің атқаруыма тура келді. Жауапкершілік жүгі ауыр болатын. Екі оттың ортасында жүріп, екі жақтың да тілін тауып, қисынын келтіріп сусап жүрген жұртымыздың  құлақ құрышын өршіл өлеңдерімен, сыршыл әуенді әндерімен, салихалы, салмақты ақын пікірлерімен құрышын қандырдық деп есептеймін. Себебі, түске дейін  Қ.Жандарбеков атындағы драма театрында – 600 адам сыймай тұрса, түстен кейін 740 орынды жаңа мектеп залы да тағы көрерменге лық толды. Сыртта да, залда да ақынды аңсаған жандар онымен жапа-тармағай тілдесуге, суретке түсуге, қолын алуға таласып-тармасып жатты. Елдің ақынға деген құрметі, ықыласы ерекше болды. Ақынмен еріп келген – өлеңдерін, әндерін орындайтын Жұбаныш Жексенұлы, Хадиша Шалабаева т.б. әншілерді күтіп алып, қонақжайлылық көрсеттік.
        2015 жылы мамырдың орта шенінде Мырзашөл өлкесіне келген арқалы ақынды Сырдарияның үстінен салынған «Тәуелсіздік көпірінен» арнайы күтіп алдық. Естелікке суретке түстік. Оның Асықата кентіндегі Н.Төреқұлов атындағы орта мектепте оқушылармен кездесуі керемет деңгейде өтті.
        Ұлтжанды ұлы ақынның біздің өлкеге арнайы келгенін, жұртшылықпен қалай кездесулер өткенін үйлестіруші ретінде тізбелеп отырмын. Бұл жерде жеке адамдардың қызығушылығымен  қонақ болып келіп-кетіп жатқанын қосып отырған жоқпын.
         Жақында Ұлытаудағы ұлы жиында ұлттың ұлы ақыны М.Шахановтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың оған «Еңбек Ері» атағын беріп, кеудесіне Алтын жұлдыз тағуы, «Отан» орденімен марапаттауы қуанышты, айтулы оқиға болды.
Пердеш ЕСЕНБЕКОВ,
Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...