Әрбір мемлекеттік сатқындықтың артында дінді жамылған алаяқтар тұрады
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Әлемде, Қылмыс пен жаза, Саясат
14/07/2022
24 Views
Осыдан 6 жыл бұрын, 2016 жылы 15 шілде күні Түркия елінің аспанын қара бұлт торлап, әскери төңкеріс жасалды. Төңкеріс жасап, мемлекетті қолына алмақшы болған «ФЕТӨ» (Фетуллахшы террор ұйымы) еді. ФЕТӨ өз адамдарының, яғни Түрік Қарулы күштеріне дендеп енген сатқындардың қолдауымен елдің басты қалаларының бірі саналатын Стамбул қаласы мен ел астанасы Анкараға шабуыл жасады.
Басты нысанасы Түркияның тәуелсіздігі, президент Режеп Тайып Ердоған, Түркия мәжілісі және үкімет болатын. Төңкерістің басты базасы ретінде бас қала Анкарадағы Акынжылар әуе базасы таңдалған. Опасыз төңкеріс әрекеті Анкара мен Стамбулда бірдей уақытта басталды. Президенттік кешен мен Түркия Ұлттық Мәжілісі ғимараттарын бомбалады. Қиын қыстау кезде халық көшеге шығып, жалаң қолмен мемлекетті сақтап қалуға тырысты.
Ресми дерек бойынша 251 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жараланды. Осы күн Түркия үшін ең бір қаралы күн болып, 15 -шілде Демократия мен Ұлттық бірлік күні деп жарияланған.
Алматы қаласындағы Түркияның бас консулі Али Рыза Акынжы осы датаға орай 13 шілде күні Алматы қаласында БАҚ өкілдерімен бірге баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиынға Алматылық журналистерден өзге қоғам белсенділері, түрлі ассамблея мүшелері болды. Біздегі Қаңтар оқиғасы да билік пен халықтың арасының алшақтап кеткендігін, халық өз талабын көшеге шығу арқылы, халықты арандатушы топтың ықпалына түсуіне әкелді.
«Біздің басты идеология, ең бірінші түрлі деңгейдегі дінді қалыпқа түсіру, арандатушы топтың ең негізгі өтімді үгіті дін арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан білім саласында да реформалар жасалуда деп сөзін түйіндеді, бас консул Али Рыза Акынжы. Жиын соңында осы оқиғаға қатысты деректі фильм көрсетілді.
Аида КОЖМАМБЕТОВА.
2022-07-14