КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ҚАРАҚАЙДА ӨТТІ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Билік
14/07/2022
23 Views
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Қарақай ауылдық округі тұрғындарымен Кетебай елді мекенінде орналасқан №34 Ә.Молдағұлова атындағы ЖОМ ғимаратында, ашық аспан астында кездесу өткізді.
Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Тәңірбергенов, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.
Ашық жүздесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті. Сонымен қатар, кездесуде Мұрат Болатұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, ауылдық округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Барыс жылында облыстық және жергілікті бюджеттен 10 ауылдық округтегі, 44 елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау сметалық құжаттарын рәсімдеуге 127,3 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстарына 2021 жылы 150,0 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі. Жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС салу нысандарына 2021 жылы 300,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде, нысан 2022 жылға өтпелі. 2022 жылға қаралған қаржы 700,0 млн теңге.
Қарақай елді мекені ішіндегі тозығы жеткен тік дренаж анықталып, қазіргі таңда коммуналдық меншікке алу үшін құжаттар рәсімделуде.Алдағы уақытта, құжаттар рәсімделіп, тік дренаждар орнату жұмыстарына СЖТ (АПЗ) жасақталып, жобалау сметалық құжаттама жасалатын болады. Сондай-ақ, ұзындығы 586 метрді құрайтын Ж.Абенов көшесіне 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен аяқ жол салу жұмыстарына 5,2 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде жеңімпаз мекеме анықталып, келісімшарт жұмыстары жүргізілуде. Қарақай елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін жер телімінің оң қорытындысы алынған. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің теңгеріміне шешімі шығаруға және мемлекеттік АКТ алуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Еңбек елді мекеніндегі ұзындығы 700 метрді құрайтын Құттымекен көшесіне ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда пайдалануға берілді. Нұрлы жол көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған.
Кездесуде округ тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, толғандырған барлық мәселелерге аудан басшысы кезекпен жауап берді. Кездесу соңында мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.
Кездесуден кейін округ әкімі Бәйдібек Иманбердиев Қарақай ауылдық округінің өнімдерін аудан басшысына көрсетіп, ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап өтті.
Жеке қабылдауда округ тұрғындарының өтінішін орындау үшін аудан басшысы тұрғындармен біргелікте елді мекендердің ішкі көшелерін жаяу аралап шықты. Нақтырақ айтар болсақ, Кетебай, Қараөзек елді мекендеріне спорт алаңшасын салуға тұрғындар ұсынып отырған жер телімін қарап шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізуді сала мамандарына тапсырды. Сонымен қатар, Кетебай елді мекенінің ішкі арық, атыздарын тазалап, жөнге келтіру арқылы ішкі ағын су жүйелерін келтіру керектігін жеткізді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2022-07-14