Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАҢА ЗАҢ ЕЛДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ОДАН ӘРІ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖАҢА ЗАҢ ЕЛДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ОДАН ӘРІ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

ЖАҢА ЗАҢ ЕЛДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ОДАН ӘРІ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

         Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
       Заңда цифрландыруды, инновацияларды дамытуды ынталандыратын жаңа нормалар қарастырылған.
        Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша іс-шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру үшін Заңға цифрлық трансформация енгізілді. Онда неғұрлым тиімді үдерістерді артық шығынсыз енгізу, ауыр және бюрократияға толы бизнес-процестерді жай ғана автоматтандырмай, оларды қайта жобалап, барынша сапалы ету қарастырылған.
       Цифрлық трансформация азаматтар мен бизнестің, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі шығындарды және  мемлекеттік аппарат жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
        Жаһандық цифрландыру дәуірінде деректерді пайдалану ақпарат сапасын, болжамды аналитиканың тиімділігін арттырудың, бизнес-процестерді трансформациялау мен цифрландырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
       Заң аясында мемлекеттік басқаруды цифрландыру кезінде бірыңғай платформалық тәсілді қамтамасыз ететін «электрондық үкіметтің» бірыңғай архитектурасын (мемлекеттік органдар мен әкімдіктер архитектураларының орнына) енгізу ұсынылды.
        Ел азаматтарының басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді алуды немесе басқа міндеттерді мобильді сервистер арқылы шешуді қалайды. Ол үшін Заңда  қағаз құжаттардың түп-нұсқасының электрондық түрдегі нұсқасымен бірдей қабылдануы бекітілді. EGov mobile цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясы кеңейтілді. Әрбір азамат eGov mobile бағдарламасын өз смартфондарына жүктей алады, бұл қағаз құжаттарды алып жүрмеуге мүмкіндік береді.
       Бүгінде елімізде көрсетілетін электрондық қызметтердің саны артып, жалпы алғанда, оң өзгерістер байқалуда. Бұған дейін министр Бағдат Мусин  eGov Mobile мобильдік қосымшасындағы цифрлық қызметтерге сұраныс екі есеге өскенін атап өткен болатын.
       Egov mobile-да қазіргі күні жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, COVID-19 үшін ПТР тестілеу нәтижесі, студенттік билет, диплом, зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік,  әлеуметтік ID, вакцинация паспорты, көп балалы отбасының жәрдемақысын алу, мүгедектік куәлігі, атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі сияқты құжаттар бар.
        Заң аясында азаматтар және бизнес үшін  ақпараттық жүйелерде бар деректерді талап етуге тыйым салынды. Бұл өзгерістер мекемелерге құжаттардың қағаз баламаларын, көшірме жасауға  кететін уақыт пен ақша шығындарын және т. б. ұсыну қажеттілігін болдырмайды.
       Ауылдық елді мекендерде тұратын қазақстандықтар үшін «Қазпошта»АҚ инфрақұрылымы базасында халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігінің цифрлық нүктелері ашылады. Енді компьютері немесе интернетке қол жетімділігі жоқ ауыл тұрғындары цифрлық нүктелердің көмегімен өздері қалаған мемлекеттік қызметтерді ала алады, сонжай-ақ аудан орталықтарына немесе қалаларға бармай-ақ, мемлекеттік органдарға электрондық өтініштер жібере алады.
       Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлау міндетін қойған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда еңбек нарығында білікті IT-кадрлардың тапшылығы байқалуда. Бұл жалпы әлемдік үрдіс. Осыған байланысты, білікті IT-мамандарды дайындау үшін жас және талантты студенттердің IT-мектептерде оқуын субсидиялау үшін гранттар (ваучерлер) беру жобасы іске қосылады.
       Осы жоба шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін кемінде 20 мың білікті IT-маман дайындау жоспарлануда.
       Заңмен Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру тәртібі өзгертілді. Енді туу, неке, ажырасу, қайтыс болу туралы  куәліктер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін азаматтың «egov»-тағы жеке кабинетіне түсетін болады. Бұл ретте куәліктердің қағаз нұсқасын алу құқығы өтінішхат берілген жағдайда сақталады.
       Жалпы, Заң мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар мен бизнес үшін әртүрлі шығындарды азайтуға, ауылдар мен қалалар тұрғындарының цифрлық теңсіздігін төмендетуге, мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқартуға, қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге, мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын қысқартуға мүмкіндік береді.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...