Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТЕМІР МЕН АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ТЕМІР МЕН АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР

ТЕМІР МЕН АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР

         Жетісай қаласында ата кәсіпті нәсіп еткен, темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған Базарбай Бейсенов есімді ерекше шебер тұрады. Бес саусағынан өнер тамған ұстаның қолынан шыққан бұйымдар бүгінде сұранысқа ие. Ешқандай жарнаманың көмегінсіз-ақ үйіне іздеп келіп, тапсырыс беріп жатады. Ал жуырда мемлекеттен 1 млн. 200 мың қайтарымсыз грант алып, кәсібін кеңейткен жайы бар.
      Қазақтың «Жігітке жеті өнер де аз» деген қанатты сөзі дәл осы Базарбай Бейсеновке қарата айтылғандай. Өйткені, қолынан келмейтін ісі жоқ. Үйлерге жылыту құбырларын кіргізіп, темірден түрлі бұйымдар жасайды. Кейбір азаматтар секілді денсаулығын сылтау етіп, мемлекетке масыл болып отырған күні болған емес. Керісінше, қасына адам алып, тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, ағаш өнерімен бала күнінен айналысады екен. Ескірген сандықтарды жаңалап, тұтынушының талғамына сай сапалы тақтайға ою өрнек бедерлеп береді. Мұндай сандықтар өмір бақи реңін жоғалтпайды дейді.
         Өз ісіне тыңғылықты, жауапкершілігі мол шебердің қолынан шыққан бұйымдардың бағасы да қалтаға қонымды болғандықтан тұтынушының көңілінен шығып жатады.
        Жақында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған ұста аталмыш қаржыға шеберханасын қажетті құрал-саймандермен толықтырған. Ата-баба кәсібін жаңғыртып жүрген оның бұл кәсібіне перзенттері де қызығушылықпен қарайды екен. Енді олар да әке жолын жалғап, алдағы уақытта отбасылық бизнесті дамытуға мүдделі.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...