ЖОҢЫШҚАНЫҢ 3-ОРЫМЫНА ОРАҚ ТҮСТІ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Экономика
23/07/2022
71 Views
Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, аудан шаруалары мал азықтық дақылдарын өсіруге де бет бұруда.
Биыл шаруаларымыз 3226 гектар жерге жоңышқа, 2259 гектар жерге дәндік жүгері, 105 гектар жерге сүрлемдік жүгері еккен.
Бүгінгі таңда жоңышқаның 3-орымына орақ түсті. Жоңышқаның 1 дана нығыздалған түрі 650-750 теңге аралығында сатылуда.
Жалпы ауданда 37 мың тонна жоңышқа дайындалған. Сонымен қатар, көршілес аудандардан 25391 тонна дала шөбі дайындалып, жалпы есебі 62 мың тоннадан астам мал азығы қамбаға жиналған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2022-07-23