«ЖАСӨСПІРІМ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Жас буын, Қоғам, Қылмыс пен жаза, Руханият
25/07/2022
22 Views
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторларының біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес жыл басынан бері жүргізіліп келе жатқан «ЖАСӨСПІРІМ» профилактикалық шарасы жалғасын табуда.
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде – компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейдтік шарасы барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігін ескертіп, оларға мүлдем темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жұмысқа алу мәселелері, заңдылықтары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бекітілген жоспарға сәйкес аудан орталығында жүргізілген түнгі рейдтік шара барысында үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдер аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, хаттамалар толтырылды. Ата-аналарынан түсініктемелер алынып, тәртіптік шаралар көрілді. Баламен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын күшейту, қадағалау керектігі ескертілді.
Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуы ҚР ӘҚтК-нің 442 баптың 1 бөлігінде қаралып ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, ойынхана иесіне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 132 бап 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2022-07-25