МАҚТААРАЛ ХАЛҚЫ 135 347 адам
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Экономика
26/07/2022
12 Views
Аудан экономикасының көрсеткіші:
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-маусымында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 5651935 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 80,1 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-маусымында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8359,9 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,2 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 727,2 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 7629,4 млн. теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1496,4 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,6 %, бөлшек сауда тауар айналымы 2200,9 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,9 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,2 мың адамды құрады.
2022 жылғы бірінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 206533 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы бірінші тоқсанына қарағанда 127,4 % құрады.
Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 маусымға Мақтаарал ауданындағы халық саны 135347 мың адам, халықтың табиғи өсімі 1162 адам, туу- 1388 адам, қайтыс болғандар 226 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 280 отбасы, ажырасқандар-21. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер 1955 адам, кеткендер- 2682 адам.
Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-маусымға Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 104,2 % болып және 40040 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданының Статистика басқарма басшысы.
2022-07-26