Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР АЛТЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ЖЕТІСАЙ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР АЛТЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ

ЖЕТІСАЙ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР АЛТЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ

         «Спорт – денсаулық кепілі» деп дәріптейтін жетісайлықтар үшін тағы бір жағымды жаңалық. Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресінен 92 келі салмақ дәрежесіндегі үздік спортшысы Райымбек Тұрсын Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV ойындарында жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты.
       Еліміздің түкпір-түкпірінен келген кіл мықтыларының тартысты өткен байрақты бәсекесінде бабы мен бағы қатар жанған жас балуандар қарсыласын алып та жықты, шалып та жықты. Сонау ықылым заманнан атаның қанымен, ананың сүтімен бойына дарыған күресте бабы келіскен Райымбек Тұрсын бар мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдерін қолдануға тырысып бақты. Боз кілемде атой салып, талайлардың таңдайын қақтырған күрес спортының болашақ жұлдызының өнерін тамашалаған жанкүйерлер қошемет көрсетіп, демеу беріп отырды.
       Осылайша Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде 26 шілде мен 3 тамыз аралығында өтуі жоспарланған Ауыл жасөспірімдерінің IV ойындарында грек-рим күресінен жетісайлық жас балуан алғашқы жеңімпазы атанды.
      Айта кетейік, өткен жылдың 12 айында жетісайлық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарда 407 алтын, 380 күміс және 523 қола медаль иеленген болса, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 465 алтын, 347 күміс, 508 қола медальды қоржынға салып отыр.
       «Спорт – денсаулық кепілі. Біз жастарымызды түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатыстыру арқылы бірінші кезекте салауатты ұрпақ тәрбиелейміз, сонан соң олардың бойында шыдамдылық, алдына мақсат қоя білу, арманға қол жеткізу сынды қасиеттерін қалыптастырамыз. Өзге де өңірлердегі жасөспірімдермен достық қарым-қатынасты нығайтуды, жаңа жас таланттарды анықтауды мақсат етеміз. Жастайынан дүбірлі додаларда үздік танылған талай жастарымыз әлемдік ареналарда әлі-ақ атой салатын болады» дейді Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев.
        Жоғарыда айтып өткеніміздей  ауданымыздың жас спортшылары  бұған дейін де талай сайыстарда топ жарып, алдыңғы қатардан көрінді.  Мысалы, жуырда Түлкібас ауданынындағы «Ер-Жәнібек спорт кешенінде», «Ауыл жасөспірімдерінің IV-жазғы ойындарына» іріктеу аясында, спорттың еркін күрес түрінен 2005-2007 жылы туылған  жасөспірімдер арасында Түлкібас аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өткен болатын.
       Сол  маңызды спорттық іс-шараға қатысқан облысымыздың 200-ге жуық спортшыларының қатарында, Жетісай аудандық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» бір топ спортшылары да болып жақсы нәтижелермен көзге түсіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.   Нақты айтар болсақ, жетісайлық жас өрен спортшылар – 92 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сержан Көпжасаров пен 110 кг. салмақ дәрежесіндегі Айсұлтан Пошаев, жақсы нәтижелерінің арқасында үстіміздегі жылдың  шілде айында Алматы облысындағы Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасы «Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарында» өз бақтарын сынайтын болды.
       Сондай-ақ, 10-12 маусым күндері аралығында Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» спорт кешенінде биылғы «Балалар жылына»  орай,  «Ауыл жасөспірімдерінің ІV жазғы ойындарына» үміткерлерді іріктеу мақсатында грек-рим күресінен 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир болып өтті.
      Тартысты өткен бұл жарысқа – Түркістан, Сайрам, Отырар, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Төлеби, Шардара және Қазығұрт аудандарынан, барлығы он команда қатысып, 210 спортшы өз бақтарын сынаған болатын.
      Жалпы командалық есепте негізінен Жетісай ауданының №1 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» оқушыларынан тұратын Жетісай командасы бірінші орынды иеленді. Оның таңқалатын жері де жоқ. Себебі бұл мектепте, елімізге танымал спортшы – грек-рим күресінен аға жаттықтырушы Қанат Сүлейменов жұмыс істейді. Алдағы уақытта да оның спортшылары айтулы белестерді бағындыра беретіндері анық.
        Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...