ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ
Posted by: Қалмұрат
in Жас буын, Қоғам, Қылмыс пен жаза, Өзекті мәселе
20/07/2022
9 Views
Жетісай аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесі, осы орталықтың психологтары – Жетісай ауданы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің құрамындағы Пробация қызметінің есебінде тұратын жастармен, олардың қоғамдық өмірге қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, бойларында мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында психологиялық кеңестер өткізгендерін хабарлады.
Психологиялық тұрғыдан маңызы ерекше осы іс-шара барысында Жетісай аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған әрбір жастың жеке басы жан-жақты зерделенді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесі анықталған екен. Сонымен қатар, осы орталықтың психологтары сотталғандардың түзелулері мақсатында олардың өздерін қоғамымыздың толыққанды құқылы мүшесі екендіктерін сезіндіріп, әлеуметтік мәртебелерінің қалпына келуіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына кеңестер беруде.
Осындай психологиялық іс-шараларды алдағы уақыттарда да белгіленген кестелерге сәйкес тұрақты түрде өткізіп тұру, олардың өздеріне белгіленген жазаны өтеудің «сұр» күндерін бояйтын және рухани-адамгершілік қайта тәрбиесіне әсер ететін болады-деп санайды психологтар. Сондай-ақ, осындай психологиялық кңестердің нәтижесінде сотталғандардың жазаларын өтеп, қоғамға қайта оралғандарынан кейін қайтадан теріс жолға түсіп кетулеріне немесе жағымсыз мінез-құлыққа жол бермеулеріне, олардың қоғамға, айналаға көзқарасын жақсартуға ықпал жасайтын болады деп санайды осы орталықтың психолог мамандары.
Ұлжан СӘБИТ,
Жетісай ауданы.
2022-07-20