АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Жас буын, Қоғам, Қылмыс пен жаза, Өзекті мәселе
19/07/2022
8 Views
Өкінішке орай, кей жағдайларда «өтпелі жаста» болатын жасөспірімдер психологиялық тұрғыдан қателіктер жіберіп алып, нәтижесінде соның өкінішті салдарын өмір бойы тартады немесе жастай бақилық болып жатады. Осындай жағдайларға жол бермеу бағытында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің психологтары өздеріне бекітіліп берілген аймақтарда тындырымды жұмыстар атқаруда.
Осы орталықтың психолгтары белгіленген кестеге сәйкес, бүгінде ауданымыздағы жасөспірімдер арасындағы – ерте жүктілік, аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ыстық нүкте болып табылатын «Жаңа ауыл» ауылдық округінің «Әбдіхалық» және «Ынтымақ» лдімекендерінің тұрғындарына ерте жүктілік, аутодеструктивті мінез-құлық алдын алу мақсатында жадынамалар таратты.
Түсіндіру жұмыстары барысында, олар елдімекен тұрғындарымен кездесулер өткізіп, оларға «өтпелі жастың» жас адамның психологиясының толық қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтылды. Егер де оларға дер уақытында қажетті психологиялық кеңестер берілмесе, онда бұл өмірде ненің дұрыс, ненің қате екенін жөнді ұғынбайтын жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар, әлімжеттік, бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелердің туындайтыны түсіндірілді.
Елдімекен тұрғындарымен өткен кездесулерде сонымен қатар, жастарға қатысты ауыл тұрғындары тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жан-жақты әрі тұщымды жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар, жас буын үшін олардың ересек туыстарының да жауапкершіліктері бар екендіктері де түсіндірілді.
Ұлжан СӘБИТ,
Жетісай ауданы.
2022-07-19