ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Әлеумет, Өзекті мәселе, Руханият
28/07/2022
33 Views
Отбасы – шағын мемлекет. Қасым ақын жырға қосқан шағын мемлекет әрқайсысы бүгінде бүтін бір Отанымызды құрайтын үлкен құрылымға айналды. Жаңа Қазақстан құруға бет алған еліміз әсіресе отбасы құндылықтарына көп көңіл бөліп отыр. Өйткені, қазір жаңадан тігілген 100 отаудың әрбір бесіншісінің түндігі бес жылға жетпей жабылып жатыр. Шырқы бұзылған шағын отбасы саны – қоғам дамуының дертіне айналды.
«Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс – шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыру да ажырасудың артуына алаңдаған ойдан туындап отыр. 28 шілдеде ел астанасы Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясында жаңа жобаның көздеген мақсаты айтылып, отбасы құндылықтарын насихаттаудың қаншалықты сұраныс тудырып отырғандығы кеңінен талқыланды. Жалпы, бұл жоба 2022 жылдың қарашасына дейін жүргізілмек. Жаңа жоба Қазақстанның әр өңірін қамтиды. Youtube арнасында «Бақытты отбасы атанудың жолдары қандай?» атты видеоресурс қарастырылғандығында еске сала кеткен жөн. Ол арқылы кемінде 500 жұп отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша сұрақтарға жауап таба алады.
Айта кетейік, ZOOM платформасында өткен конференцияға ҚР АҚДМ және АБҚО өкілдері, Ләззат Елубайқызы Алшынова, Замандас 21 ҚҚ басшысы; психологиялық қызметтің басшысы Наталья Николаевна Семененко қатысты. Брифингте сөз алғандардың барлығы қазіргі отбасыларды кездесетін келелі мәселелерді ортаға салып, оны шешудің нақты жолдарын қарастырды.
Баспасөз жиынына қатысқандардың айтуынша қазіргі жастардың көпшілігі отбасы тек жақсы өмірден тұрады деген жалаң пікірде дейді. Олардың өмірдің ыстық-суығына төзімсіз, моральдық – психологиялық жағынан дайындығының болмауы салдарынан құрған шаңырақтарының іргесін бірден шатқяқтатып алып жатады. Бүгінгі кездесуде бала тәрбиесінде кетіп жатқан олқылықтар мен осал тұстары ашық айтылды. Ғаламтор желісіне тәуелді ғасырда тәрбие оның ішінде әсіресе ұлттық тәрбиенің құлдырап кеткендігі рас. Жаңа жоба осы мәселеге де мысқалдай болсын үлес қосуды көздеп отыр.
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылады. Жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын құрып, оны нығайтату жұмысына ат салысу әрбір қазақстандықтың парызы. Өйткені, әрбір отбасы мемлекетіміздің мызғымас бөлігі.
Меруерт АБДАЛИЕВА.
2022-07-28