МҰРАТ ҚАДЫРБЕК: “АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ”
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Экономика
28/07/2022
28 Views
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек бекітілген кестеге сәйкес кезекті кездесуін Қазыбек би ауылдық округінде өткізді.
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №17 «Түркістан» жалпы орта мектебінің ауласында ашық ауа астында өткен кездесуге аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Басқосуда аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы атқарылар жоспарлармен таныстырды. Округ тұрғындарының II тоқсанда айтқан өтініштерінің орындалу барысын айтып өтті.
Өткен жылы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов елді мекеніндегі ұзындығы 0,9 шақырымды құрайтын Қ.Манапбек көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жалпы ұзындығы 9,2 шақырымды құрайтын Ж.Қараев, Қабылан ата, Мереке, Жұлдыз, Нұра, Жеңіс, Жігер, С.Тастанов, Қызылжар, Ш.Айманов, Жаңақұрылыс №7, Ақбұлақ, Қарекет көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары жасалынып, облыстық басқармаға қаржыландыруға ұсынылған.
Сондай-ақ, Қазыбек би елді мекенінен жаңа мектеп құрылысын салу мақсатында округ әкімі аппараты тарапынан 3 га жер телімі қарастырылып, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі теңгеріміне пайдалану құқығымен беру жөнінде хат жолданған. Қазіргі таңда Жетісай аудандық жер кадастры бөлімімен жерге орналастыру жобасы және мемлекеттік акті дайындалуда.
Алғабас елді мекені бойынша ФАП салуға арнайы бөлінген жер теліміне жер бөлу комиссияның оң шешімі алынып, мемлекеттік акт алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазыбек би ауылдық округініе тұрғындарымен өткен кездесуде Ә.Оспанов елді мекеніндегі тозығы жеткен 85 дана электр бағаналары мен ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын электр желілерінің 2023 жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің инвстициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жоспарланғанын айтқан аудан әкімі жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда айтылған мәселелерді хаттамаға енгізіп, орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2022-07-28