Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТҚА АТТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТҚА АТТАНДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА ЗИЯРАТҚА АТТАНДЫ

       Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен бір топ ардагерлер киелі Түркістан жеріне зияратқа аттанды. Ардагерлерді ауданнан Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков шығарып салды.

Түркістан облысының тарихи-мәдени, табиғаты ерекше жерлерін таныстыру мақсатында орта ғасырлық кесенелерге ұйымдастырылған саяхатқа Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов пен Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Айбек Сұлтанмұрат демеушілік жасады. 2 күнге созылатын зияраттың алғашқы күнінде аудан ардагерлері Шардара ауданында орналасқан «Ұзын Ата» мавзолейінде болып, Арыстан баб кесенесін аралайтын болады.

         Ұзын Ата кесенесі Шардара ауданына қарасты Ұзын Ата ауылынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан.
        Ежелгі аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Зеңгі Атадан бата алған Ұзын Атаның шын мәнiндегi аты – Асан Ата деседi. Атақонысы – осы Ұзын Ата – Тайпақ екен. Әр сөзi дуалы Асан қария Ақсақ Темiрдiң бас кеңесшiлерiнiң бiрi болған деседі. Атақты Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырдың соңында толықтай күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мавзолей орта ғасыр ескерткіштерінің арасындағы бүтіндей сақталып қалған санаулы ғимараттардың бірі.
      Ал, Түркістан қойнауындағы Отырар өңiрiнде, сырлы да шерлi, бұл күндерде алыстан мұнартып, ескi дүние жәдiгерлiктерiнiң соңғы тұяғындай болып мен мұндалаған Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнерінің баға жетпес ескерткіші.
Түркістан халқының арасында айтылатын аңыз-әңгіме бойынша мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстан баб кесенесі өз қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырхана және азан шақыратын мұнара секілді жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі – қабірхана. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі XII ғасыр шамасында салынып, XIV ғасырда қайта жөнделген. Араға алты ғасыр салып, яғни, XX ғасырдың басында Арыстан баб кесенесі жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35х12 метр, биіктігі 12 метр етіп, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтан кесенесіне бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделген. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни, соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
       Жетісайлық ардагерлер қазақтың маңдайалды 21 ханы мен 8 сұлтаны, 23 биі мен 59 батыры жерленген топырақта құрбандық шалып, етін осы өңірдегі аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасыларға таратуға ниетті. Дүниеден өткендердің рухына құран бағыштап, елдің ынтымағы мен берекесін, қауіп-қатерден сақтауды тілемек. Науқастанған жандардың дертіне Алладан шипа сұрамақ.
       Зияраттың екінші күнінде ардагерлер Арыстанбаб кесенесінде, тарихи Отырар қаласында, Гаухар ана және Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат жасап, «Керуен сарайы» туристік кешенін аралайтын болады.
         Айта кетейік, алдағы күндері тағы бірқатар жетісайлық ардагерлер демеушілердің есебінен Елордаға, көршілес Өзбекстан республикасының Самарқанд, Хиуа, Бұқара қалаларына саяхаттайды деп жоспарланып отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...