БАҒДАТ МУСИН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Билік, Саясат
10/08/2022
22 Views
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қызылорда облысына іс-сапармен барды. Сапар барысында 8 тамызда тұрғындармен кездесіп, қалалық емхана мен жергілікті ХҚКО-ның жұмысымен танысты.
Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу барысында Бағдат Мусин жүзеге асырылып жатқан жобалардың барлығы адамдардың игілігіне бағытталғанын және проактивті сервистер жасалып жатқанын айтты. Министр денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесіне ерекше тоқталды.
Медициналық көмек көрсетуді есептеу процесін жаппай автоматтандыруды қойып, аурудың ертерек анықтау және асқынудың алдын алуға мән беру қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралады. Қазір дәрігер қабылдауына халықтың тек 8 пайызы ғана онлайн жазылады, дегенмен ыңғайлы сервистерді енгізу арқылы бұл көрсеткішті көп ұзамай ұлғайтатын боламыз» – деді цифрлық даму министрі.
Бағдат Мусиннің айтуынша, ҚР ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге eGov Mobile мобильді қосымшасында «eGov.Денсаулық» жаңа бөлімін жасап жатыр. Бұл бөлімде донорлық мәртебе, электрондық рецепт, вакциналау, тәжірибеханалық зерттеулер қорытындысы, жұмысқа жарамдылық парағы туралы және т.б. ақпарат жинақталады. Осылайша денсаулыққа байланысты барлық мәлімет бір жерде шоғырланып, қолжетімді болады.
Бағдат Мусин халықты байланыс және интернетпен қамту мәселесіне ерекше тоқталып, сондай-ақ облыс аумағына жүргізіліп жатқан ғарыш мониторингі туралы да айтты. Мәселен, атқарылған жұмыс нәтижесінде Қызылорда облысында пайдалы қазбалар заңсыз өндіріліп жатқан 94 орын, сондай-ақ рұқсат етілмеген 101 қоқыс нысандары анықталған.
Жоспар бойынша 9 тамызда министр «Роскосмостың» жаңа басшысы Юрий Борисовпен кездесіп, «Бәйтерек» кешені мен басқа да бірқатар мәселелерді талқыламақ.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.
2022-08-10