Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛАНЫ ЖАСТАН... - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » БАЛАНЫ ЖАСТАН…

БАЛАНЫ ЖАСТАН…

          Егер де біз елімізде мемлекеттік тіліміздің қадірін арттырғымыз келсе, алдымен жас буынмен жұмысты барынша күшейтуіміз керек деп ойлаймын. Себебі, кез-келген адам ерте жаста алған білімін, көрген-білгенін тез есте сақтап қалып, қалған өмірінде сол кездегі түсінігін негізге алатын болады. Біз бұл үшін негізгі екі бағытта жұмыс істеуіміз қажет.
       Біріншіден – әр жастағы балаларға бүгінгі таңда не қызық? Олар ғаламтордан өздері үшін не іздейді? Қандай кумирлері бар? Осы сұрақтар бағытында арнайы әлеуметтік және психологиялық зерттеулер жүргізілуі керек. Мысалға оларға – бүлдіршіндерге арналған өлеңдер не жаңадан шыққан ойыншықтар туралы бағдарламалар ұнай ма, ұнса онда солардың қазақ тілді нұсқаларын шығартуымыз қажет. Ал бастауыш сыныпта оқитындары мысалға американдық не жапондық аниме кейіпкерлерін ұната ма? Онда сол кейіпкерлерді «қазақша сөйлететін» сайттарды жасауға мемлекет тарапынан арнайы ақша бөлдірту қажет немесе ана тілге жаны ашитын отандық кәсіпкерлердің қаржысын тарту керек. Мемлекет есебінен жасалған сондай сайттарда «Алдар көсе», «Ешкі мен теке», «Ертегілер елінде» секілді ұлттық дүниелерімізді насихаттайтын анимациялық фильмдерге сілтемелер болуы қажет. Бірақ оны баланы жалықтырып, безердей ететін агрессивті түрде жасамаған дұрыс. Жарнама демекші отандық анимациялық дүниелердің сілтемелерін жас буынды қызықтыратын ел аумағында жұмыс істейтін орыс тілді сайттарда да жарнама ретінде беріп тұрған дұрыс болар еді. Себебі, «Наруто», «Өрмекші адам» секілді  кейіпкерлердің жаңа сериалдарын ана тіліміздегілерден таба алмаған соң, балалар оларды амалсыз орыс тілінде шығатын  сайттардан іздеуге мәжбүр. Содан амал жоқ олар өз қажеттіліктері үшін амалсыз орыс тілін үйренулеріне тура келеді. Содан біртіндеп, келешекте «қазақ тіліндегі сайттарда түк қызық жоқ, бәрі орыс не ағылшын тіліндегі сайттарда бар екен ғой» деген түсінікті миларында мықтап сіңіріп алады да, біртіндеп оларда мемлекеттік тілге деген құрмет азая береді. Ал оған жол беруге болмайды.
        Екіншіден – Жасыратыны жоқ еліміздегі орыс және өзге тілдерде сабақ беретін мектептерде негізінен басты назар орыс тіліне аударылады. Сол тілде білім алатын қандастарымызға және өзге ұлттың жас буынына мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру үшін арнайы бағдарлама енгізілгені жақсы болар еді. Оларға қазақ халқының ертегі кейіпкерлері дәріптелсе және де елімізде мемлекеттік тілді жақсы білулерінің арқасында мол табысқа жеткен өзге ұлт өкілдері оларға үлгі етіп көрсетілуі қажет. Сонымен бірге, отандық ұлы тұлғалар – ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, ағартушылар және әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қосып, ұлт мақтанышына айналған ғалымдарымыз мен айтулы тұлғаларымыз туралы да кеңінен айтылса. Сонда елімізде өмір сүретін қандай ұлттың жас буыны болмасын ерте жастан мемлекеттік тілге деген құрметі артар еді. Сондай-ақ олар қазақ тілін тек қажеттілік ретінде ғана емес, сонымен бірге мол мүмкіндіктерге жол ашатын жай ретінде түсінетін болады.
        Қорыта айтатын болсам, мемлекеттік тілдің қадірін арттыру өз қолымызда. Басты жұмысты жоғарыда айтқандай жас буыннан бастауымыз керек. Олардың ата-аналарына «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп, ұрпақтарына қазақ тілін меңгертулеріне, оның олардың болашағы үшін қажет болатынын түсінетін уақыттары келді деп санаймыз.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...