Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАС ҰСТАЗ ӨЗІ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТЕ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » БАС ҰСТАЗ ӨЗІ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТЕ БОЛДЫ

БАС ҰСТАЗ ӨЗІ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТЕ БОЛДЫ

         Адамзат атаулының тамырына нәр берген құнар – қайырымдылық. Әр адамның бойында ізгілік қасиеті болып, таза пейілмен шуағын төгіп тұрса, тіршілікке нұр берері сөзсіз. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп білетін қазақ халқы үшін қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту ету, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген көмегін ұсынып, достық пейілдерін таныту – үлкен сауапты іс.
         Осындай биік ұстанымды ту еткен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында өзі білім алған №1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында болып, көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формаларын тарту етті. Оқушылармен тілдесіп, армандарын тыңдады. Ағалық ақылын айтты.
       «Сіздер қазір тамаша қоғамда, бейбіт елде өмір сүріп жатырсыздар. Өйткені, мемлекет білім аламын, ғылыммен айналысамын деген азаматтардың бәріне кеңінен мүмкіндік жасап қойған. Оқулықтар да жеткілікті. Сіздерге қойылатын жалғыз ғана талап – ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, сапалы білім алу. Саналы ұрпақ болып жетілу. Алған білімдеріңізді жеке бастың емес, елдің мүддесіне пайдалану. Білімді азамат – қай қоғамда болмасын үлкен сұранысқа ие болады» деді облыстың бас ұстазы.
       Оқушыларға жасалған тартудан соң Дінислам Болатханұлы өзі оқыған сыныбы мен ойнаған спорт залын, ертегілер оқыған кітапханасы мен кезекте тұрып бәліш жеген асханасын, сахнаға алғаш шыққан мектеп акт залын аралап көрді. Сыныптастарымен жүздесіп, балалық шақтарын еске алды.
          «Әлемге күн жылуы қандай қажет болса, адамға да жүрек жылуы сондай қажет. Адам баласы өмірге келген соң өзінің адами қасиеттерін жоғалтпай айналасындағыларға мейірім шуағын шашуы тиіс. Әсіресе, материалдық, моральдық тұрғыда қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасындағылар өздерін өзгелерден кем, қоғамға керексіз сезінбеулері керек.
        Дінислам Болатханұлының өзі оқыған мектебін ұмытпай, осындағы бүлдіршіндерге сый-сияпат жасауы – ұстаздар мен ата-аналарға үлкен қуаныш сыйлады» дейді №1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының директоры Толқын Айгенжеева.
          Айта кетейік, іс-сапары барысында облыстың бас ұстазы Мақтаарал ауданында да болып, ондағы көпбалалы отбасылардың балаларына да дәл осылай мектеп формаларын сыйға тартқан болатын.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...