Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙДА 81 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙДА 81 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙДА 81 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

        Жетісай ауданында аудан әкімі Мұрат Қадырбектың тапсырмасымен тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отыр.
        Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су, Мақталы, Баққоныс, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендерінде жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның 20 көшесі бүгінгі таңда қолданысқа берілген.
          Одан бөлек, жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын елді мекендердегі 27 ішкі көшелерге 416,9 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылса, 13,15 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 1 автомобиль жолына күрделі жөндеу, 3 автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіеді деп жоспарланған.
        Сонымен қатар, ұзындығы 7,47 шақырым елді мекендердегі 17 ішкі көшелерге жүргізілген ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары аяқталып, 8 көшеге 8,8 шақырымды құрайтын аяқжолдар салу жұмыстары жүргізілуде.
        Елді мекендердегі 2 көше қиылысына бағдаршам қойылып, Жетісай қаласында 6 дана бейне-бақылау камералары орнатылған.
         Жетісай қаласы тұрғындарының электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында алдағы уақытта 80 га аумақта 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы жүргізілетін болады. Қосалқы станция қала аумағындағы 12 көпқабатты 440 пәтерлі үйлерді, яғни, 1842 абонентті сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сол арқылы тұрғындардың электр қуатына деген сұраныстары толық қанағаттандырылып, әлеуметтік жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасалады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...