ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар
18/08/2022
32 Views
Жалпы 8038,9 гектар егістік жер көлемі бар Ж.Ералиев ауылдық округінің шаруалары биылғы жылы 3380,6 гектарна шитті мақта тұқымын сепсе, 409 гектарға көктарөніс, 3258,қққққа шанөніс, 3258,ққққа шан. Шаруалардың алқаптардан ойдағыдай өнім алуларына өзара тәжірибе алмасып, аудан басшыларының бастамасымен семинарлар өткізуі оң ықпалын тігізіп отыр.
Округтегі оңды істерге өзіндік үлесін қосып, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологияларды алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізетін «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының 500 гектарға жуық жері бар. Биыл қожалық 180 гектарға мақта, 277 гектарға бақша дақылдарын, 30 гектарға жоңышқа және 10 гектарға дәндік жүгері еккен. 60-қа тарта адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қожалық төрағасы Ербол Ералиевтің айтуынша ағыны үнемдеп, мол өнім алуда, егістікке жұмсалатын шығын көлемін азайтуда жаңа технологиины қолданудың маңызы суд зор.
«Лазерлі тегістегіш тәсілін қолданған соңғы 3 жылда жер айдауды тоқтатқанбыз. Жерді тегістеп, 2-3 мәрте алатын жазғы суымызды да бір-ақ рет аламыз. Қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу кезінде жерди 70-80 см дейін терең қопсытып, биктігін 10-15 см су қоямыз. Бұған дейін қысқы сор шаю жұмыстары кезінде гектарына 8 текше метрге дейін ағын су алып келсек, қазір гектарына 3,5-4 текше метр ғана су пайдаланамыз. Мұндай әдісті 7-8 жылда бір қолдану керек. Бұл технология тек ағын суды үнемдеп қана қоймай мол өнім алуға да оң септігін тигізеді» дейді «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев.
Жетісай ауданы бойынша 79 мыңнан астам гектар егістік алқаптарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Яғни, 49,5 мың гектар алқапқа мақта, 3,2 мың гектарға көкініс, 15,2 мың га бақша дақылдары, 451 га. күіріш, 10,5 мың гектар мал азықтық дақылдары егілген.
Сала мамандарының мәліметі бойынша биылғы жылы аудан бойынша жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болса, оның ішінде мақта 49,5 мың гектар алқапқа мақта, 3,2 мың гектарға көкініс, 15,2 мың га бақша дақылдары, 451 га. күіріш, 10,5 мың гектар мал азықтық дақылдары егілген. Өңірде отандық және Түркия, Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданған 1626,3 тонна шит дайындалған. Өнімділік деңгейін арттыру үшін зянкестермен күрес шаралары мен жаппай суғару жұмыстарына арнайы бірнеше семинар-жындар жүргізілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2022-08-18