Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«Халық-Life» АҚ «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін иеленді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «Халық-Life» АҚ «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін иеленді

«Халық-Life» АҚ «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін иеленді

       Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі«Халық-Life» АҚ-на «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін берді.
        2022 жылғы 16 тамызда Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».
       Агенттік сарапшылары қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында «Халық-Life» АҚ-ның жетекшілік ұстанымдары мен пайданың жақсы көрсеткіштерін, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық Банк) («BB+»/Тұрақты/B)стратегиялық маңызды еншілес компаниясы болып табылатынын атап өтті.
      «Біздің Компаниямыз халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген қаржылық тұрақтылық рейтингісіне ие. Дегенмен, S&P Global Ratings агенттігі тарапынан жоғары рейтингтің берілуі Компанияның Қазақстан нарығындағы сенімді ұстанымдарын тағы да дәлелдейді. Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені алынған рейтинг елдегі өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады және бүгінгі күні Компаниямыздың саланың көшбасшы екенінрастайды. Агенттік хабарламасында атап өтілгендей, «Халық-Life» АҚ-ның кредит төлеу қабілеттілігінің сипаттамаларынаоның тәжірибелі басқару командасы, тәуекел-менеджменттің қалыптасқан тәжірибесі және қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін өтімділіктің елеулі қорлары оң әсер етті. Біз өз клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерді тиімді орындау үшін Компанияның әлеуетін одан әрі дамытуға ниеттіміз», – деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары А.З.Джексембаев.
      Агенттік сарапшылары сондай-ақ, «Халық-Life» АҚ-ның нарықтағы мықты ұстанымдары мен мол тәжірибесін, сондай-ақ Компанияның айтарлықтай дамыған дистрибуция желісі мен Қазақстандағы ірі қаржы тобымен қауымдастырылған жақсы танымал бренді бар екенін атап өтті. «Халык-Life» АҚ өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынатын ірі Компания болып табылады, сонымен қатар қол қойылған сақтандыру сыйлықақысы-брутто көлемі бойынша нарықтағыүлесі 33%-ды, ал активтер көлемі бойынша 30% құрайды.
        Компания 2018-2021 жылдары бизнестің айтарлықтай өсімін көрсетті. Агенттіктің болжамдары бойынша 2022 жылы «Халық-Life» АҚ-ның  бизнес  көлемі  күрделі макроэкономикалық  жағдайды  және банктік сақтандыруды реттеудің  өзгеруін  (қарыз  алушылар  үшін  сақтандыру компаниясын  бірнеше  нұсқадан  таңдау  мүмкіндігін  қоса алғандаескере   отырыпшамамен  сол  деңгейде сақталатынболадыАлайда, 2023-2024 жылдары бұл өсім  нарық  бойынша орташа мәндерге сәйкес 10-15% шегінде болады күтілуде.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...