Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ӘРБІР ӨТІНІШ ҚАРАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ӘРБІР ӨТІНІШ ҚАРАЛАДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ӘРБІР ӨТІНІШ ҚАРАЛАДЫ

Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан биылғы жылдың 7 айында «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекке қатысты келіп түскен 245 өтініш толықтай қанағаттандырылып, 962 азамат сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.

Арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша 166 азаматтың, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз ету бойынша 73 азаматтың, есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету бойынша 87 азаматтың өтініштері қанағаттандырылып, тиісті қызметтер көрсетілген.

Одан бөлек, бөлім тарапынан 582 мүгедектер мен мүгедек балалар санаторий-курорттық емделумен қамтылып, «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру мәселелері төңірегінде 7 азаматқа тиісті қызметтер көрсетіліп, «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі бойынша 255 өтініш келіп түскен.

Сонымен қатар, 107 азамат «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бойынша өтініш берсе, 130 азамат «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет» алуға өтініш білдірген.

Ал, 29 азамат жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектерге қатысты жүгінген.

Аудан тұрғындары мен мұқтаж жандардан келіп түскен әрбір өтініш пен жекелеген мәселелер ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан зерделеніп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...