Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН САПАЛЫ КӨРСЕТУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН САПАЛЫ КӨРСЕТУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН САПАЛЫ КӨРСЕТУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ

         Әлеуметтік қорғау саласындағы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту, олардың сапасын көтеру – бүгінгі күннің басты басымды бағыттарының бірі екендігін уақыт көрсетіп отыр. Бүгінгі күнде азаматтар қарым-қатынасқа түсетін барлық қоғамдық қатынастардың тоғыз торабындағы қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың өзара қарым-қатынастқа түсетін тұстарының барлығы дерлік заңнамалық нормалармен регламенттеліп, цифрлық платформаларға өтіп жатыр.
          Соңғы жылдары Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері толыққанды электронды түрде салалық ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы көрсетілуде деуге болады. Мүгедектігі бар адамдар 2020 жылдың басынан үйінен шықпай-ақ Әлеуметтік қызметтер порталынан электронды цифрлық қолтаңбасының көмегімен техникалық оңалту құралдарының көптеген түрі мен түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс беріп, өнім берушілерден тікелей делдалсыз жағдайда құралдары мен қызмет түрлерін өздері алуда.Әлеуметтік қызметтер порталын қолданысқа енгізу- ұсынылған оңалту құрылғылары мен қызметтерінің сапасын жақсартып, оларды алу уақытын қысқартты әрі қаражат пен қызметтерге деген нақты қажеттілікті анықтап беретін қолайлы жүйе болды.
          Ал, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен оның төлемі министрліктер мен ведомстволардың интеграцияланған ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жүргізілуде. Отбасының әлеуметтік көмекке мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтайтын кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерінің шешімдерімен құрылған учаскелік комиссиялардың алқалы қорытындыларынан басқа сатылардың барлығы: отбасының құрамы мен табыс түрлері, мүліктері мен әлеуметтік мәртебесі сияқты ақпараттар цифрлық платформалардағы деректердің көмегімен автоматты режимде есептеледі. Енгізілген деректердің, есептелген қаражаттың күмәнді тұстары байқалған жағдайда,әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін біріктіріп, бақылап отыратын – Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту» АҚ-ның мамандары тарапынан дер кезінде тиісті ескертулер келіп түседі.Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалану – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орталықтандырылған ақпараттық қорларында бар құжаттардықызмет алушылардан талап етпеуге, ақпараттың растылығы деңгейі мен ведомствааралық өзара ақпарат алмасу жылдамдығының  артуына алып келді.
          Күнделікті қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік-еңбек саласына еніп жатқан жаңашылдық жұмыс формалары,цифрландыру жұмыстарының заман талабына сай жүріп отыратын тоқтаусыз үрдіс екендігін көрсетуде.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы 14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Отбасының цифрлық картасы мен Әлеуметтік әмиянды жыл соңына дейін іске қосуды тапсырған болатын. Бүгінгі күнге аудан көлемінде Отбасының цифрлық картасын құру жөніндегі ведомствааралық жұмыс тобы құрылып, оған білім беру, көші-қон полициясы, «Азаматтарға арналған үкімет» Ке АҚ-ның Төлем орталығының, азаматтық хал актілерін тіркеу саласының өкілдері, кенттер мен ауылдық округтардың әкімдері мен салаға жауапты мамандары енгізілді.Отбасының цифрлық картасы келесі айдан бастап, жыл соңына дейін пилоттық режимде енгізіліп, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеңінен қолданысқа енетін болады. Бұл проактивті мемлекеттік қызмет түрін іске қосқаннан кейін, атаулы әлеуметтік көмек түрін алуға құқылы отбасылардың, азаматтардың тізімі автоматты түрде ақпараттық жүйеде қалыптастырылып, оларға SMS-хабарламалар жолданатын болады. Сонымен қатар, автоматты түрде арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар мен ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек түрлерін алуға құқылы тұрғындардың атына Әлеуметтік әмияндарашылатын болады. Әлеуметтік әмиянның бірден-бір артықшылығы, өзіне түскен әлеуметтік төлемдердібанктер, коллекторлар мен салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғайтын болса, екінші жағынан  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мақсатты жұмсалуын мемлекет тарапынан бақылауға мүмкіндік береді.
          Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру –тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету сапасын арттыруғабұдан ары да қызмет ете беретін болады.
Мұса Мырза Асқарұлы,
Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...