КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Қоғам, Өзекті мәселе, Руханият
08/09/2022
18 Views
Жетісай ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Мәжіліске аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Нөкерәулеті мен Жетісай аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Жанна Шалбекова, Жетісай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала істері бойынша орынбасары Рауа Жұмабекова мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
Басқосуда күн тәртібінде бекітілген «Әйелдердің репродукті денсаулығын қорғау туралы: ана мен бала өлімінің проблемалары» тақырыбында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Рауа Жұмабекованың, «Әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау туралы. Сотқа дейінгі тергеп – тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері» тақырыбында Жетісай аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Жанна Шалбекованың баяндамалары тыңдалып, алдын алу шараларының кешенді жоспарлары таныстырылды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжарқын Нөкерәулеті ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді тапсыру мәселелері талқыланып, түсіндірілді.
Комиссия мүшелері тарапынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді ұсыныстар айтылып, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарлары пысықталды.
Мәжіліс соңында бөлім тарапынан дайындалған арнайы кітапшалар таратылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.
2022-09-08