Home » Қоғам » Білім саласы » КЕМЕЛ ОЙЛЫ, КӨСЕМСӨЗДІ АРДАҚТЫ

КЕМЕЛ ОЙЛЫ, КӨСЕМСӨЗДІ АРДАҚТЫ

        Біздің кітапханамызда 2022 жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқырмандарымыздың назарына Ұлт ұстазы,  мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына  150 жыл толуына орай Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары ұсынылды.
       «Кемел ойлы, көсемсөзді ардақты» атты әдеби кештің мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, оларды өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу болды.
        Бұл мерекелік іс-шаралар – «Қазақ санасының шамшырағы» (Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы) баяндама, «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» (А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқу) және «Ахмет. Ұлт ұстазы»  (Кітап көрмесіне библографиялық шолу) атты бөлімдерден тұрды.
        Кітапханамызда №53. Ғ.Мүсірепов мектебінің 6-8 сынып оқушыларымен бірге өткізілген әдеби кеште құнды ақпараттар айтылды. Оқушыларға араға жарты ғасыр уақыт салып саяси жағынан да, азаматтық тұрғыдан да толық ақталып, туған халқымен қайта қауышқан алты алаштың асыл азаматтарының бірі – А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығнан «Қазақ санасының шамшырағы» атты тақырыпта баяндамасын № 53.Ғ.Мүсірепов мектебінің қазақ тілі және әдеибеті мұғалімі Т.Елтаева оқыды. Ал, «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» атты бөлімінде ақынның өлеңдері мен мысалдарын Ж.Ташбол, Д.Досыбекова, А.Төреханова, Е.Досыбеков пен т.б. оқушылар мәнерлеп жатқа айтты. Сонымен бірге, «Ахмет. Ұлт  ұстазы» атты тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Шамшат АЛТЫНБЕКОВА,
 Достық а/о, Достық ауыл филиал №1 кітапханасының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТЕМІР АРҒЫМАҚТАР ШЕРУ ТАРТТЫ

        ...

«КҮЗ АРУЫ-2024» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

   «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ...

ОЙНАЙЫҚ ТА ОЙЛАЙЫҚ!»

Оқушыларыма барлық арифметикалық амалдарға ...

БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ!

 Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, ...

ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

        ...

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты: Балаларды қазақ  халқының ...

АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР

        ...

ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР

        ...

Ардақтайық әке менен ананы!

Мектебімізде болып өткен «Ардақтайық ...

КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДА

       Мектебімізде ...