Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТУҒАН ТІЛІМ-ТҰҒЫРЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТУҒАН ТІЛІМ-ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛІМ-ТҰҒЫРЫМ

        Жуырда біздің кітапханамызда «5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні» аясында әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалып отыратын осы мұраның маңыздылығына арналған «Туған тілім – тұғырым» атты сайысты әдеби кеш болып өтті.
        Бұл әдеби кештің мақсаты – жас буынға тілдің құдіреттілігін түсіндіру, оның құдіреттілігін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары екендігін ұғындыру. Тіл туралы тағлымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастырып, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру. Сайысқа қатысқан әр оқушының ойына, қиялына, дүниетанымына ерік бере отырып, олардың өздерінше ой түйіндеп, соны дәлелдей білуге үйрету, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру болды.
          Әдеби кеш барысында сұрақ-жауап ойыны өткізілді. «Асыл мұра» мен «Тағылым» атты екі топқа бөлінген оқушылар – елімізде 1989 жылы алғаш рет қабылданған «Тіл туралы» ҚР Заңы туралы, қасиетті ана тілімізді, дана тілімізді, тіл өнерін, қазақ тарихындағы тіл шұрайын танып-білу және олардан үлгі алу, халқымыздың мәдениеті мен әдебиетін тіл арқылы насихаттау, адам, халық тіршілігіндегі тілдің маңызын қаншалықты білетіндерін көрсетті.
          Сонымен бірге, сайыстың «Жедел сұрақ – жедел жауап», «Сөз мәйегі – мақал», «Бұл қай тұлға?» және «Ұшқыр ой» атты кезеңдерінде өз бақтарын сынаған оқушыларын білім деңгейлерінің қаншалықты екендерін көрсетіп беріп, әдеби кешімізді қызықты өткізді. Сайыс соңында білімдарлығымен көзге түскен оқушылар Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Зауре ИЛИМОВА,
Достық ауыл округы, Ж.Қалшораев ауылы филиал №2 кітапханасының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...